19 желтоқсан 2018 6179

Baker Hughes, a GE company мен Сәтбаев университеті мұнай-газ секторындағы ынтымақтастық жайлы талқылады

Satbayev University и Baker Hughes

Үстіміздегі жылы 13 жектоқсан күні Baker Hughes, a GE company мен нің өкілдері кездесу ұйымдастырып, онда білім және ғылым саласында бірлесе жүргізілетін жобалар жайын сөз етті. Кездесуге университет ректоры Искандер Бейсембетов, ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі проректор Дильда Наурызбаева, академиялық жұмыстар жөніндегі проректор Ринат Искаков; ал Baker Hughes, a GE company тарапынан сату және бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық директор Михаил Добронравов, сату және бизнесті дамыту жөніндегі директор Рустем Наушиев, үкіметпен байланыс жөніндегі директор Арман Абикенов, сату және бизнесті дамыту жөніндегі директор Мейіржан Шералиев қатысты.

Тараптар ынтымақтастық байланыс мәселелері жөнінде және 2018 жылдың жазында ашылған Research center орталығының жұмысы жөнінде талқылады. Сондай-ақ мұнай-газ саласы бойынша аталмыш орталық қызметінің шеңберінде мүмкін болатын білім беру бағдарламалары, ғылыми және зерттеу жобалары туралы сөз болды.

Baker Hughes, a GE company (BHGE) компаниясы – мұнай-газ секторын қажетті алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтармен, сандық шешімдермен және оларға қызмет көрсетуді кешенді түрде қамтамасыз ететін дүние жүзіндегі бірден-бір толық циклды компания болып табылады. BHGE өнімділік пен еңбек қауіпсіздігін арттыру үшін өз жұмысында тамаша технологиялық мүмкіндіктер мен жоғары біліктілікті қолдана отырып, жер қойнауын зерттеумен шұғылданушы жандардың еңбек шығындары мен тәуекелділіктерін төмендетеді. Компания дүние жүзінің 120 елінде бизнес жүргізеді және әлемді энергиямен тиімді түрде қамтамасыз ету жолында өнеркәсіп өндірісі мен жаңа идеялардың пайдалы тәжірибесін жүз жылдан астам уақыт бойы қолданып келеді.

Ал Research center орталығын Baker Hughes, a GE Company мен Сәтбаев университеті пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу, барлау және зерттеу жұмыстарында High Tech-технологияларын іргелі және қолданбалы бағыттағы көп функционалды жобаларды іске асыру мақсатында бірлесе отырып құрылған болатын. Орталық инновациялық жобаларды іске асырып, жаңа технологиялар өндірумен және жоғары білікті мамандарды даярлаумен шұғылданады, сондай-ақ Baker Hughes, a GE company компаниясының тәжірибелерін мұнай-газ геологиясы мен геофизикасы саласына кеңінен енгізуге тырысады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту