21 ақпан 2018 3264

Баскетболшы Азамат Абрахманов Астана қаласында өткен «Жұлдыздар кездесуіне» шақырылды

Баскетболшы Азамат Абрахманов Астана қаласында өткен «Жұлдыздар кездесуіне»  шақырылды

Қаңтар айының соңында Астана қаласында Ұлттық баскетбол студенттік лигасы (ҰБСЛ) шеңберінде өткен «Жұлдыздар кездесуі» жарысына Қазақстанның барлық аймақтарынан ең үздік ойыншылар  қатысқан болатын. Оған Сәтбаев университетінің (ХжБТИ) 4-курс студенті Абрахманов Азамат шақырылды. Бұл ҰБСЛ жарысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Баскетбол федерациясы бірлесіп өткізді. Бірінші айналымның қорытындысы бойынша университетіміздің құрама командасы ақпан айында басталған екінші финалдық кезеңге өтті.

Біздің университет үшін бұл нәтижелер өте маңызды және бұл жарысқа қатысу – біз үшін үлкен абырой, өйткені Сәтбаев университетінде кәсіпқой спортшылар жоқ (тек әуесқой спортшылар ғана айналысады), стандартқа сай спортзалымыз да жоқ, соған қарамастан, баскетбол ойнай алатынымызды дәлелдеп, шақыру алдық.

Бұл, әрине, Азамат пен жаттықтырушысының жетістігі. Баскетбол ойнауды Азамат Қапшағай қаласындағы орта мектепте 7-сыныпта оқып жүрген кезінен бастады. Өзі туралы Азамат былай дейді: «Мен көшеде, баскетбол алаңында өстім, баскетбол ойнауды өте жақсы көремін. Дегенмен, оқуға да, спортқа да, жұмысқа да уақыт табылады, ең бастысы – өзіңнің ниетің болуы керек».

Азаматтың университеттегі жаттықтырушысы Никишин Анатолий Федорович (КСРО-ның спорт шебері) болған еді. Өкінішке қарай, ол 2013 жылы өмірден озып кетті, бірақ өзінің тәрбиеленушісі жақсы нәтиже көрсетіп, тамаша жетістіктерге жетуі үшін ол өте көп еңбек сіңірді. Университетте 42 жыл бойы еңбек еткен А.Ф. Никишин баскетболдан көптеген спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлерді дайындады. Оның арқасында университетіміздің құрама командасы елдегі он үздік командалар қатарында болды. Ал Азамат университет құрама командасының капитаны болды. Қазіргі жаттықтырушы Александр Путинцевтың айтуы бойынша, Азамат – командада ойын техникасы мен тактикасын толық меңгерген ең нәтижелі ойыншылардың бірі. Ол осы жылы оқуын аяқтайды, ал баскетбол дәстүр бойынша келесі жылғы 1-курс студенттеріне беріледі.

Ал біз Сәтбаев университеті құрама командасына және жаттықтырушы А.Путинцевке сәттілік тілеп, ҰБСЛ ойындары мен басқа да жарыстарда табысқа жете берсін демекпіз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту