Ақпарат:

15 маусым 2018 8531

ББИ-ның біліктілікті арттыру жөніндегі тренингтері

ББИ-ның біліктілікті арттыру жөніндегі тренингтері

Сәтбаев университетінің Базалық білім беру институтында профессорлы-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейін «Білім беру жүйесінің нәтижелерін бағалау» атты семинар-тренингтер жүргізілген еді. Семинарға институттағы бес кафедрадан 4 өкіл – барлығы 20 оқытушы қатысты. Тренинг модераторлары – ағылшын тілі кафедрасының профессоры С.К. Абдығаппарова мен институт директоры А.С. Саренова. Тренингтің мақсаты – оқу үрдісі барысында тиімді білім беру технологияларын және де шектік бағалау технологияларын қолдану.

Тренинг екі бөлімнен тұрды – теориялық және практикалық. Теориялық бөлім білім беру нәтижелеріне бақылау жасау мен оларды бағалаудың қазіргі заманғы тұжырымдамаларымен таныстыруға, білім беру жүйесіне белгілі бір мақсат қойып, одан алынатын нәтижелерді дұрыс әрі нақты анықтауды (Бенджамин Блум таксономиясы мен Джон Биггс ілімдерінің түрлері) үйренуге, Дональд Киркпатрик пен SMART модельдерін білім беру нәтижелерін бақылау мен оларды бағалау үшін қолдануды үйренуге, сондай-ақ тереңдете және үстіртін оқытуды бағалау, оған бақылау жасау әдістері мен формаларын қарастыруға арналды.

Қатысушылар алған теориялық білімдерін практика жүзінде де толықтырып отырды. Олар 5 адамнан 4 командаға бөлініп, әрбір командаға институттың барлық кафедраларынан бір-бір өкіл тағайындалды. Командалар төмендегідей тапсырмаларды орындады: кейске анализ жасау, топ жобасы, зерттеу нәтижелерін көпшілікке ұсыну және рөлдік алдап-арбау. Одан кейін командалар басқа командалардың тапсырмаларын орындап, оған түйіндеме жасады, өздері қабылдаған параметрлер мен шектік белгілерге сәйкес, орындаған тапсырмаларына баға берді.

Сөйтіп тренингке қатысушылар көлемді жұмыс атқарып, көптеген қызықты жобаларды қолданысқа ұсынды. Олардың нәтижесі алдағы уақытта институт жұмысын жақсарту үшін оқу үрдісіне енгізілетін болады.

Семинар-тренинг аяқталған соң, оның қатысушыларына тиісті сертификаттар табыс етілді. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту