Ақпарат:

14 қазан 2024 2461

Білім энергиясы: «Алматы электр станцияларында» Сәтбаев Университеті «Энергетика» кафедрасының филиалы ашылды

Білім энергиясы: «Алматы электр станцияларында» Сәтбаев Университеті «Энергетика» кафедрасының филиалы ашылды

«Алматы электр станциялары» компаниясының базасында Сәтбаев Университеті «Энергетика» кафедрасының филиалы ашылды. Жаңа филиалды «Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамының жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ернар Сандыбаев пен «Энергетика» кафедрасының меңгерушісі Ерлан Сәрсенбаев салтанатты түрде ашты. Салтанатты жиынға компанияның Басқарма төрағасы Ерік Маширов, компанияның бас инженері Бауыржан Қалиев, Пайдалану және жөндеу департаментінің директоры Сәкен Далиев, Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, академиялық даму жөніндегі проректор Айжан Қасымова, сондай-ақ Энергетика және машина жасау институтының директоры Қасым Елемесов қатысы.

Бұл іс-шара білім беру мен өндіріс саласын біріктіруде маңызды қадам болып табылады және студенттер үшін энергетика саласында тамаша мүмкіндіктер ашады. Оқу орны мен кәсіпорын арасындағы мұндай ынтымақтастық қарым-қатынас студенттерге нақты өмір жағдайында жұмыс істеуге қажетті практикалық білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Әрі мұндай ынтымақтастық білім беру мен өндірісті интеграциялау үлгісі болып табылады, бұл өз кезегінде энергетика саласы бойынша білікті кадрларды даярлау үшін өте маңызды.

Кафедра филиалы теориялық білімді тікелей өндірісте алған практикалық дағдылармен ұштастыратын дуальды оқыту қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл үлгі бойынша оқитын студенттер энергетикалық процестердің қыр-сырын жақсы меңгеріп, мамандық талаптарына тез бейімделеді.

Дуальды оқыту – оқу орындарындағы теориялық оқыту процесі мен кәсіпорында практикалық оқыту процесін біріктіретін білім беру моделі. Студенттер нақты өмірде жұмыс істеп, тәжірибе жинайтайды, бұл теориялық тұжырымдамаларды жақсы түсінуге және білімдерін практикада қолдануға көмектеседі. Кәсіпорында жұмыс істеген тәжірибесі бар түлектер жұмыс ортасына және корпоративтік мәдениетке тез үйренеді, сөйтіп жұмысқа бейімделу уақытын қысқартады. Дуальды оқыту энергетика саласына мамандар даярлау сапасын жақсартады, оларды бәсекеге қабілетті және заманауи еңбек нарығының сын-қатерлеріне дайын болуға үйретеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту