Ақпарат:

27 наурыз 2018 6297

BIM-технологиялар жөніндегі форумға арналған пресс-конференция өтті

BIM-технологиялар жөніндегі форумға арналған пресс-конференция өтті

Сәтбаев университеті KAZGOR Жобалау академиясы және Халықаралық Autodesk компаниясымен бірлесе отырып, «Сандық Қазақстан: BIM-технологияларды практикаға және білім беру жүйесіне енгізудің жаңа парадигмалары» атты ІІ Халықаралық инновациялық форумға арналған баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясының бағдарламасы BIM-форумы жайлы толық ақпараттар мен ол туралы сұрақтардың жауаптарынан тұрады. Конференцияның қорытынды бөлімінде ВІМ жағдайында орындалған жобалардың көрсетілімі ұсынылды.

Үстіміздегі жылдың 5–6 сәуір күндері өтетін Халықаралық форумның спикерлері ретінде ірі-ірі жобалау-құрылыс компанияларының кәсіби мамандары мен жақын және алыс шетелдер мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының мамандары қатысады. Бұл іс-шараның басты қонағы – Ұлыбританиядан шақырылған Дэвид Мойес, ВІМ-ді қолданысқа енгізу жөнінен 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби эксперт. Ол дүниежүзілік ірі-ірі жобалау-құрылыс компанияларына консультациялық қызмет көрсетеді.

Аталмыш іс-шараның серіктестері: Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жөніндегі жобалау институты (КазНИИСА), Қазақстан Республикасы жобалаушыларының ұлттық ассаоциациясы (НАПРК), ҚР Сәулетшілер одағы, Қазақстан құрылысшылар ассоциациясы, Халықаралық сәулет академиясы (Мәскеу бөлімшесі), ҚР құрылыс саласындағы ақпараттық модельдеу ассоциациясы (АИМСО), EPSON компаниясы.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту