21 ақпан 2020 4962

«Бір ашылудың тарихы» байқауына эссе қабылдау басталды

«Бір ашылудың тарихы» байқауына эссе қабылдау басталды

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Ә.Машани атындағы Базалық білім беру институтының Қоғамдық пәндер кафедрасы бірінші және екінші курс студенттері арасында «Бір ашылудың тарихы немесе академик Машанов әл-Фарабиді туған жеріне қалай қайтарды» тақырыбына жазылған ең үздік эссе байқауын өткізеді.

Байқауға қатысу үшін 2 беттен асырмай жазылған эссені 2020 жылдың 28 ақпанынан кешіктірмей socialstud.dep@gmail.com электронды поштасына «Конкурсқа қатысу» деген белгімен жіберу керек.

Үздік шығарманы анықтау бойынша конкурстық комиссияның отырысы 2020 жылдың 4 наурызында сағат 12.00-де 817-аудиторияда (БОҒ) өтеді. Жеңімпаздар туралы ақпарат электронды пошта арқылы хабарланады, оларды марапаттау рәсімі 2020 жылдың 4 наурызында 621-аудиторияда (БОҒ) өтеді.

Эссе тілі – қазақ, орыс немесе ағылшын тілдері.

Байланыс телефоны  +77773793329.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту