11 тамыз 2020 8062

Бірінші курс студенттеріне арналған «Бағдар беру» аптасы 17-ші тамызда басталады!

Бірінші курс студенттеріне арналған «Бағдар беру» аптасы 17-ші тамызда басталады!

Құрметті бірінші курс студенттері!

 Осымен, оқуға түсу процестері артта қалды. Сіздерді құттықтауға болады!

Әрі қарай не істеу керек? Оқу қашан басталады? Онлайн оқыту қалай жүреді? Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сәтбаев университеті  «Бірінші курстарға арналған анықтама-кітапша» дайындады. Бұл біздің университетте ең алғаш оқу басталған күннен бастап қажет болатын барлық ресурстарға сілтемелер мен оқу ережелері туралы ақпарат парақшасы. 

Бағдар беру аптасы – бірінші курс студенттерінің өміріндегі маңызды оқиға. Студенттің ең алғашқы оқу күнінен бастап сәтті академиялық іс-әрекеттеріне көмектесу және дайындау мақсатында бағдар беру аптасы  жыл сайын өткізіледі. Биыл санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және қашықтықтан оқыту форматына байланысты бағдар беру апталығы онлайн режимінде өтеді.

«1 курсқа» парақшасында уақтылы орындау қажет шұғыл мәселелер тізімімен танысасыздар; жыл бойы оқу барысында пайдалы болатын «Бірінші курсқа арналған анықтама-кітапшаны» жүктеп аласыздар; жиі қойылатын сұрақтар (FAQ) бойынша жауап ала аласыздар;  пайдалы видеолар көре аласыздар.

Осы парақшаны мұқият оқып шығыңыздар, Сәтбаев университетінде  сабақтарыңыз алғашқы күннен бастап қызықты, есте қаларлықтай, сәтті және қолайлы болуы үшін, университетте оқу қалай болатынын, қандай жүйелер Сіздерге көмек көрсете алатынын бірден біліп, үйреніп алғандарыңыз абзал.

Ал оқу сабақ кестесіне сәйкес 24 тамызда басталады!

Біз, сіздермен бірінші семестр қашықтықтан оқытудан кейін Университет қабырғасында кездесеміз деп үміттенеміз! Оқуда сәттілік тілейміз!

 
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту