Ақпарат:

4 желтоқсан 2025 114

Бірлескен жобалардың келешектері: Сәтбаев университетінде Қытайдың өнеркәсіп және білім беру секторы өкілдерімен келіссөздер өтті

Бірлескен жобалардың келешектері: Сәтбаев университетінде Қытайдың өнеркәсіп және білім беру секторы өкілдерімен келіссөздер өтті

Сәтбаев университетінің өкілдері Қытай Халық Республикасының делегациясымен кездесіп, ғылыми-техникалық сала бойынша бірлескен жұмыстардың перспективаларын талқылады. Екі жақ тараптар машина жасау өндірісі, инновациялық технологиялар және инженерлік кадрларды даярлау салаларындағы әріптестікті дамыту мәселелерін қарастырды, бұл өз кезегінде жаңа бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын іске қосуға мүмкіндік ашады.

Қытай Халық Республикасының Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігіне қарасты Жабдықтар индустриясын дамыту орталығының өкілі Инь Фэн мен Шихэцзы университетінің механика және электротехника факультетінің деканын Сәтбаев университетінің Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институтының директоры Қасым Елемесов қарсы алып, халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынас технологиялық дамуды жеделдетуде өте маңызды екенін атап өтті. Қытай делегациясының өкілдері тәжірибе алмасуға және бірлескен халықаралық ғылыми командалар құруға қызығушылық танытты.

Келіссөздер барысында екі жақ тараптар ынтымақтастық тиімді бола алатын бағыттарды жан-жақты талқылады. Әсіресе Сәтбаев университеті мен Шихэцзы университеті арасында машина жасау саласы бойынша қос дипломды бағдарлама құруға ерекше назар аударылды. Қытайдың Білім беру және индустрия интеграциясы орталығының өкілдері Сәтбаев университеті дәл Қытайда белсенді түрде жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыттары бойынша мамандар даярлайтынын айтып, өз студенттерін Алматыда оқытуға қызығушылық білдірді.

Талқылау барысында Қазақстан мен Қытайдың жетекші білім беру және ғылыми орталықтары арасында ұзақ мерзімді серіктестік қалыптастыру туралы мақсаты айқындалды. Еліміздегі ең көне техникалық жоғары оқу орны ретінде Сәтбаев университеті халықаралық байланыстарды нығайтып, жаһандық инженерлік жобаларға қатысу жолдарын кеңейтуде, сөйтіп өнеркәсіп секторына заманауи технологияларды енгізуге ықпал етуде.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту