Ақпарат:

1 қазан 2024 3570

Біз бүкіл әлемге ашықпыз: Сәтбаев Университетінде Қазақстан-Америка университеттер консорциумының құрылтайшылар жиналысы өтті

Біз бүкіл әлемге ашықпыз: Сәтбаев Университетінде Қазақстан-Америка университеттер консорциумының құрылтайшылар жиналысы өтті

Сәтбаев Университетінде Қазақстанның 20-дан астам және АҚШ-тың 19 жетекші университетінің өкілдері жиналып, STEM, IT, жаңартылатын энергия және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда білім беру бойынша болашақ ынтымақтастықты талқылады. Бұл ауқымды кездесу Қазақстандағы АҚШ елшілігінің және Халықаралық білім институты (IIE) коммерциялық емес ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Модератор ретінде Steppe Global Education өкілі Джоэл Эриксон қатысты.

Консорциум жұмысын Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзімен ашты. Ол білім беруді интернационалдандыру, Сәтбаев Университетінде шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын ашудың маңызды екенін атап өтіп, біздің университет академиялық ынтымақтастық географиясын кеңейтуге дайын екендігін басып айтты.

Біз бүкіл әлемге ашықпыз: Сәтбаев Университетінде Қазақстан-Америка университеттер консорциумының құрылтайшылар жиналысы өтті

Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Самғат Ермекбаев өз сөзінде елдегі алғашқы техникалық жоғары оқу орнының әлемнің ТОП-100 университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынасының нәтижелері, қос дипломдық білім беру бағдарламалары туралы айтып, америкалық әріптестерді аймақтық университеттермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға шақырды.

Осындай ауқымды кездесу өткізу – біз үшін үлкен мәртебе. Мұндай мағызды диалог алаңы міндетті түрде өз жемісін береді. Бүгінгі Консорциумның жұмысы және Сәтбаев Университетінің қабырғасында өткен сапалы нетворкинг Қазақстан мен АҚШ ғалымдарының жаңа ғылыми жобаларының пайда болуына өнімді орта жасайтынына сенімдімін, – деп қорытындылады өз сөзін С. Ермекбаев.

Біз бүкіл әлемге ашықпыз: Сәтбаев Университетінде Қазақстан-Америка университеттер консорциумының құрылтайшылар жиналысы өтті

Кездесу барысында қатысушылар екі елдің университеттері арасындағы серіктестіктің негізгі қиындықтары мен алдағы перспективаларын талқылады. Әсіресе өзара студенттермен алмасу, оқу бағдарламаларын әзірлеу, халықаралық зерттеулер және технологияларды коммерцияландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Америкалық университеттер өкілдері табысты академиялық серіктестіктер құру тәжірибесімен бөлісті, ал қазақстандық әріптестер технология мен ғылым саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Америкалық және қазақстандық сарапшылар озық зерттеулерді, оқу бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын ұсынды, сондай-ақ Қазақстанда жоғары білім берудің сапасын арттыру және елдің экономикалық дамуын қолдауға бағытталған стратегияларды талқылады.

Консорциумның құрылтайшы университеттерінің кездесуі – Қазақстан мен АҚШ-тың ірі және аймақтық жоғары оқу орындары арасындағы жаңа ынтымақтастық бастамаларына, атап айтқанда, қос дипломдық бағдарламалар, жазғы мектептер мен қысқа мерзімді оқу бағдарламаларын құруға алғашқы қадам болмақ.

Institute of International Education (IIE) АҚШ-тың халықаралық білім беру саласында 100 жылдан астам тәжірибесі бар ірі коммерциялық емес ұйым. IIE және оның еншілес ұйымы Steppe Global Education Қазақстанда студенттер, оқытушылар және мамандармен өзара алмасу бағдарламаларын үйлестіріп, халықаралық білім беру жобаларына қолдау көрсетеді. Қазақстан-Америка консорциумы осы ұйымдардың қолдауымен құрылды, оған Қазақстанның 20 университеті кіреді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту