Біздің ғалымдар ҚР Тұңғыш Президенті қорының сыйлығына ие болды
2018 жылдың 16 желтоқсанында Астана қаласындағы Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының сыйлығы – жас ғалымдар мен мәдениет өкілдерін өзара тану және қолдаудың бейнесі. Республикалық конкурсқа бірегей зерттеулер мен әзірлемелер, шығармашылық жобалар мен бағдарламалар келесі номинациялар бойынша ұсынылды: физика, математика, инженерлік және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ музыкалық және бейнелеу өнері, кинематография, көркем әдебиет және журналистика.
Осы жылы сыйлыққа 116 өтініш берілді, оның ішінде 59 – ғылым және техника бойынша. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 21 қатысушы жеңімпаз атанып, тиісті сыйлықтармен марапатталды, оның ішінде 9 үміткер – ғылым мен техника саласы бойынша.
21 лауреаттың ішінде мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты «Сәулет» кафедрасының оқытушысы Оспанова Құралай Хабибуллақызы және магистранты Оспанова Алия Хабибуллақызы марапатталды.
Оспановалар ою-өрнек бойынша он ғылыми мақалалар мен алты кітаптың авторлары: «Ою-өрнек сырлары», «Ою-өрнек сырлары II», «Ою-өрнек сырлары III», «Ою-өрнек сырлары IV», «Табиғат сыйы», «Дөңгелек ою-өрнек әлемі».
«Біздің табысқа жетеуімізге көптеген факторлар әсер етті. Біріншіден, бізді көп нәрсеге үйреткен – жаңа оюлардың авторы, біздің жетекшіміз Айшакүл Байболдиева. Сондай-ақ «Acciona Producciones y Diseño» компаниясымен бірлесіп жасаған жұмысымыздың нәтижесі. Ол «EXPO-2017» көрмесі кезінде Қазақстанның Ұлттық павильонына қажетті мұражай экспозицияларын салумен айналысты», – деді Оспановалар жоғары сезіммен.
Қ.Х. Оспанова Қазақстанның теориялық және қолданбалы маңызы бар сәулет өнерінде ою-өрнекті қолдану бойынша маңызды ғылыми бағыттың негізін қалаушы болып табылады. Ал осы ғылыми тақырып Қазақстанның қазіргі заманғы сәулет өнерінде өте маңызды ою-өрнектің әртүрлі жаңалықтарын практика жүзінде іске асыруды табысты шешуге мүмкіндік береді.
Сәтбаев университетінің абыройын лайықты түрде қорғай білген біздің жас лауреаттарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс тілейміз!