Ақпарат:

17 қыркүйек 2019 4680

Бизнес және білім: ұзақ мерзімді ынтымақтастық

Бизнес және білім: ұзақ мерзімді ынтымақтастық

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін жаңғырту үрдісі бизнеспен, білім беру мекемелерімен, тіпті қоғаммен қарым-қатынас жасаудың жаңа үлгілерін талап етіп отыр. Сондықтан шетелдік бизнес-серіктестердің осы сала бойынша жинаған тәжірибелері біздің елде қызығушылық танытуда. Осыған орай, АҚШ-та бизнес пен жоғары оқу орны арасында қолданылатын тәжірибесіе «Fluor Kazakhstan Inc» компаниясы 15 жылдан астам уақыт бойы Сәтбаев университетінің химия бағыты бойынша мамандықтар базасы негізінде көрсетіп келеді.

Америкалық «Fluor Kazakhstan Inc» компаниясы мұнайды қайта өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсібі саласы бойынша жобалау, құрылыс және техникалық қызмет түрлерін көрсететін дүние жүзіндегі ең ірі инжиниринг корпорация болып саналады.

Сәтбаев университетімен бірлесіп, ынтымақтастық қарым-қатынас жасап келе жатқалы «Fluor Kazakhstan Inc» компаниясы белгілі бір нысанаға бағытталған ChemCad бағдарламасын қолдана отырып, модельдеу кешенін автоматтандыру жобасын іске қосты. Ал оның пайдалану лицензиясын біздің серіктестеріміз әр 5 жыл сайын созып отырады.

Сәтбаев университеті мен «Fluor Kazakhstan Inc» компаниясы арасындағы ынтымақтастық байланыс 2012 жылдан бастап жаңа форматқа ауысты, соның аясында өндірістік және дипломалды практикасы, жазғы мектеп жүзеге асырылды, жаңа зертханалық құрал-жабдықтар алынып, оқу-әдістемелік әдебиеттер жарыққа шықты. Ал студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына дәріс оқу үшін компанияның жетекші инженерлері шақыртылды.  

«Fluor Kazakhstan Inc» компаниясының біздің университеттің дамуына және халықаралық байланысты нығайтуына қосқан үлесі Сәтбаев университеті басшылығының тарапынан жоғары бағаланып, Алғыс хатпен марапатталды. «Fluor Kazakhstan Inc» компаниясының Бас директоры Роберт Мурға (Robert Moore) Сәтбаев университетінің академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков марапатты табыс етті.

Роберт Мур және компанияның адам ресурстарын басқару жөніндегі бөлімінің қызметкері Лаура Гаммаева өз кезегінде «Fluor Kazakhstan Inc» компаниясы ұйымдастырған шәкірттік бағдарлама конкурсының жеңімпаздарына атаулы сертификаттарды табыс етті. Жеңімпаз атанғандар: Химия және биологиялық технология институтының «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 4-курс студенттері Ан Никита, Манапова Мадина, Мырзагелді Айзада.

Бизнес и образование: долгосрочное сотрудничествоБизнес и образование: долгосрочное сотрудничествоБизнес и образование: долгосрочное сотрудничество

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту