Ақпарат:

17 сәуір 2017 9704

Болашақ инженерлерді даярлауға арналған семинар-тренинг

Болашақ инженерлерді даярлауға арналған семинар-тренинг

2017 жылдың 29 наурызында «Құрылыс» және «Металлургия» мамандығының 3-курс студенттері арасында «Жоғары білім мен болашақ инженерлерді даярлаудағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында семинар-тренинг өткізілген болатын. Семинар-тренингті «Қоғамдық пәндер» кафедрасының лекторы, т.ғ.к., Гүлстан Қасымбаева ұйымдастырды.

Тренинг барысында жоғары оқу орындарының түлектеріне, оқушыларына қойылатын заманауи талаптар туралы, техникалық салалардағы тенденциялар мен әлеуметтік мәселелер жайында және инженер мамандарын даярлаудың сапасы жайлы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар инженер-техникалық  кадрларды даярлауға арналған жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялық бағдарламалардың жобасын құрастырып, қызу талқылады.

Семинар-тренингке белсенді атсалысқан студенттер: Айнұр Бақмұратқызы, Үміт Рахымхан, Жанболат Таджибаев, Жавланбек Юнусметов. Студенттер модельдеген жобалар жан-жақты  болды, әсіресе Алпамыс Жарылқасын,  Мерхат Махсотов, Майра Кенжебекова, Мәди Камаладинов, Айдана Сисембай, Алмас Қызайбай ерекше белсенділік танытты.

Шараға «Қоғамдық пәндер» кафедрасының лекторы Ермахан Қалмұрзаев қатысты.

 

 

 

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту