23 сәуір 2025
367
Болашақ көлік инженерлеріне арналған Республикалық олимпиадаға шақырамыз

2025 жылғы 24-25 сәуір аралығында Satbayev University жанындағы М.Тынышпаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебінде Қазақстан ЖОО студенттері арасында «Көлік техникасын техникалық пайдаланудың негіздері» және «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәндері бойынша XVII Республикалық олимпиада өтеді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: жазбаша тапсырма және тестілеу.
Баршаңызды қатысушыларды қолдауға және танымдық іс-шараға көрермен ретінде қатысуға шақырамыз.
2025 жылғы 24-25 сәуір, сағат 9:00, 345 аудитория, Бас оқу ғимараты (БОҒ).