Ақпарат:

21 мамыр 2025 1250

Decentrathon 3.0 хакатонына қатысып, 16 000 000 теңге ұтып ал!

Decentrathon 3.0 хакатонына қатысып, 16 000 000 теңге ұтып ал!

Егер өзіңді сынап көргің келсе, мықты портфолио жинағың келсе, нақты кейстермен жұмыс істегің келсе және керемет сыйлық ұтқың келсе — бұл мүмкіндікті жіберіп алма!

23-25 мамыр аралығында Қазақстандағы ең ірі онлайн-хакатон — Decentrathon 3.0 өтеді!

Мұнда әзірлеушілер, дизайнерлер, креаторлар және цифрлық технологияларға қызығушылығы бар барлық адам жиналады. Қатысушылар Kazakhtelecom, Mastercard, activ 5G, Grand Mobile және тіпті Meta компанияларының тапсырмаларын орындайды. Бұл жолы сен менторлар мен сарапшылардың қолдауына сүйене аласың.

Биыл хакатон Telegram платформасында өтеді, сондықтан еліміздің кез келген нүктесінен қатысуға болады.

Тректер:

  • AI – креатив, транзакциялар және инженерлік тапсырмалар
  • GameJam – ойын механикасы мен ивенттер жасау
  • AI in Creativity – AI құралдары арқылы видео жасау
  • SWE (Software Engineering) – код жазуды ұнататындарға арналған

Жүлде қоры: 16 000 000 теңге

Кім қатыса алады?
Студенттерден бастап тәжірибелі мамандарға дейін – барлығына ашық. Ең бастысы – жасағың келуі.

Қалай қатысуға болады?
Telegram Mini App арқылы тіркел: https://t.me/decentra_world_bot

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту