Денсаулық баспалдағы: Сәтбаев университеті тік жүгіру бойынша жарыс ұйымдастырды
Сәтбаев университетінде «Денсаулық баспалдағы» атты студенттік іс-шара өтті – студенттер бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін баспалдақпен көтерілу бойынша жарысты. Мұндай жарыс өткізу идеясы «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Талап Иматалиев пен Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиевтың ойына келіпті.
– Бір күні біз лифттің жанына бірге келдік, сол кезде 2-қабатта бір топ студенттер 1-қабатқа түсу үшін жиналып тұрғанын көрдік. Ал біз бәріміз – мен де, ол да баспалдақпен көтеріліп келе жатқандықтан, мұны өскелең ұрпаққа үйретуді жөн көрдік», – дейді Талап Сайпұлұлы.
Жарыс нәтижесінде Сәтбаев университетінде тік жүгіру бойынша спорттық біріншілік өтіп, ол осы жарыс түрін насихаттауға бағытталды.
Бірінші айналымда командалық есепте Энергетика және машина жасау институты жеңіске жетсе, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты мен Сәулет және құрылыс институты екінші және үшінші орындарды иеленді.
Ал жеке есеп бойынша жеңімпаз атанғандар:
Ұлдар:
- Родион Гостевских — 1-орын, 39,3 сек.
- Мираиф Жетенов – 2-орын, 39,6 сек.
- Айдын Измуханбет – 3-орын, 41,4 сек.
Қыздар:
- Дарья Медушенко — 1-орын, 1 мин. 02 сек.
- Милана Арьянова — 2-орын, 1 мин. 08 сек.
- Жасмин Абдулина — 3-орын, 1 мин. 16 сек.
Университет өз жеңімпаздарын құттықтайды және барлық адамдарға баспалдақпен жүруге кеңес береді!