Ақпарат:

26 наурыз 2026 213

Digital Nauryz аясында студенттік қалашықта Ұлттық спорт түрлері күніне арналған спорт ойындары өтті

Digital Nauryz аясында студенттік қалашықта Ұлттық спорт түрлері күніне арналған спорт ойындары өтті

2026 жылғы 20 наурыз күні Digital Nauryz республикалық іс-шаралар бағдарламасы аясында студенттік қалашық аумағында Ұлттық спорт түрлері күніне арналған ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылуы әсерлі Наурыз-керуеннен басталды: ұлттық киім киген студенттер қалашық аумағын аралап, жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтады, ән шырқап, жаңару, бірлік пен берекені білдіретін ақжарма тілектерін жеткізді.

Одан кейін ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Қатысушылар арқан тартыс, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу, садақ ату секілді дәстүрлі ойын түрлерінен өздерінің күшін, ептілігін және командалық рухтарын көрсетті. Студенттер жарысқа белсенді түрде қатысып, жоғары қызығушылық пен бәсекелестік рух танытты.

Одан әрі бағдарламаның жалғасы ретінде барлық ниет білдірушілер қатысқан жаппай флешмоб өтті. Би арқылы ұйымдастырылған бұл шара студенттерді біріктіріп, көтеріңкі көңіл-күй мен мерекелік атмосфера қалыптастырды. Жиын соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, үздік ойыншылар мен командалар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық спорт түрлері күнінің өткізілуі Наурыз мерекесін атап өтудің маңызды бөлігіне айналды, сөйтіп мәдени мұраны насихаттауға, студенттер арасындағы бірлікті нығайтуға және жастар арасында салауатты өмір салтын дамытуға ықпал етті.

Digital Nauryz аясында студенттік қалашықта Ұлттық спорт түрлері күніне арналған спорт ойындары өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту