25 сәуір 2023 2789

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Сәтбаев Университетінде Халықаралық зияткерлік даму институтының директоры, IMEI білім беру комитетінің басшысы, белгілі ғалым, Корея Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару бағдарламаларын әзірлеуші, ​​профессор Джо Гю Юн «Бақытты өмір туралы салауатты ойлау» тақырыбында дәріс оқыды. Оның дәрісі тек MIND білімі мен жеке бақытқа ғана емес, сонымен қатар әр адамның ойлауы бүкіл елдің тағдырына қалай әсер ететініне де арналды.

Профессор Джо Гю Юн Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келді. 1945 жылы ғана тәуелсіздікке қол жеткізіп, жапон отаршылығы мен азамат соғысының салдарын жеңуге мәжбүр болып, әлемдегі технологиялық көшбасшылардың біріне айналған елдің тәжірибесі табысқа жетуге ұмтылған әрбір адамға үлгі бола алады. Алдына қойған мақсат пен оған жетуге деген ұмтылыс – Оңтүстік Кореяға ойлау жүйесі мен өмір салтын өзгертуге, сөйтіп тамаша серпін жасауға мүмкіндік берді.

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Профессор Юнның айтуынша, кедейшілікті жеңіп, дамыған елге айналу үшін, дұрыс ойлауды өзгерту қажет. Сананың кеңеюі, дұрыс ойлау, дұрыс қарым-қатынас жасау және өз сезімдерімен бөлісу қабілеті – нағыз көшбасшылық пен қиындықтарға қарсы тұра білу қабілетінің негізі. Ал жетістікке жету үшін, нағыз осы қасиеттер қажет. Демек, адам дұрыс ойласа, ол жетістікке жетеді, онымен бірге бүкіл қоғам да табысқа кенеледі.

Бірақ ең маңыздысы – дұрыс армандау. Армандау үшін ешқандай шарттардың қажеті жоқ, алайда басқаларға қарағанда, нақ осы дұрыс армандай білу барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Армандау – табысқа апаратын алғашқы қадам!

Дәріс соңында профессор Юн студенттерді армандауға, үздік болуға талпынуға шақырды. Студенттердің сұрақтарына жауап бергеннен кейін, профессор жалпы фотосессияға қатысты.

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Дұрыс ойлау сабақтары: SU Talks шарасына профессор Джо Гю Юн қатысты

Тэги: SU Talks
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту