15 ақпан 2019 4630

«EF SET Certificate» сертификатын алу үшін тест жүргізіледі

«EF SET Certificate» сертификатын алу үшін тест жүргізіледі

2019 жылдың 18 ақпаны мен 15 наурызы аралығында А. Машани атындағы Базалық білім беру институтының «Ағылшын тілі» кафедрасы халықаралық Education First (EF)  компаниясымен  және «Alpha Academy» білім беру академиясымен бірлесе отырып, Сәтбаев университетінде (Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22) бакалавриаттың 3–4-курс студенттері, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар арасында ағылшын тілінен тест өткізеді.

Тестілеудің мақсаты – ағылшын тіліне қатысты өзіңіздің білім деңгейіңізді әлемдік тұрғыдан тексеру және еуропалық стандарттағы «EF SET Certificate» сертификатын тегін алу. Аталмыш сертификат Еуропа елдерінің, Азия мен Латын Америкасының білім беру салаларында кеңінен қолданылады.

EF компаниясы 1965 жылы құрылған, ол Кембридж, Гарвард, Пекин университетінің, Мәскеу мемлекеттік университетінің және Сан-Паулу университетінің ғалымдарымен тығыз байланыс жасайды. Ағылшын тілінен EF (EFSET) стандартты тест дүние жүзі бойынша барлық деңгейдегі оқушылар үшін (бастауыштардан бастап тәжірибелі оқушыларға дейін) алғашқы толықтай ерікті түрде стандартталған тест болып табылады. Бұл тест халықаралық FCE, TOEFL және IELTS емтихандарының стандарттарына сәйкес болуы үшін арнайы ойластырылған.

Бұл сертификатты өндірістік тәжірибе алуға бару мақсатында, түрлі жарыстарға қатысу үшін пайдалана аласыз, сондай-ақ резюмеңізде көрсетесіз. Сіздің нәтижелеріңіз стандартты CEFR деңгейлері тұрғысынан тексеріледі. Сіз тесттен алған бағаңызды Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі басқа нәтижелермен де салыстыруға қол жеткізесіз.

Тест онлайн режимде өтіп, ағылшын тілін білу дәрежесінің 6 кезеңін анықтайды: A1-Beginner, A2-Elementary, B1-Intermediate, B2-Upper Intermediate, C1-Advanced, C2-Proficient және екі кезеңнен тұрады: «Reading» және «Listening», оның әрқайсысы 25 минуттан өтеді. «Reading» 3-5 тапсырмадан тұрады, әр тапсырма бойынша 8 сұраққа дейін бар; «Listening» 3-6 тапсырмадан тұрады, әрбір тапсырмада 6 сұраққа дейін бар. Сіз ағылшын тілін білетін деңгейіңізге қатысты кешенді талдауға ие боласыз және сынақ соңында тілді жетілдіру бойынша ұсыныстар аласыз. Тесттің нәтижесі бойынша еуропалық стандарттағы «EF SET Certificate» сертификаты тапсырылады.

Сынақ үшін жеке куәлікті және құлаққапты («Listening» үшін) әкелу керек. Қандай да болмасын сөздіктер, телефондар, планшеттер мен басқа да құрылғыларды пайдалануға рұқсат етілмейді. Тест нәтижесі «Ағылшын тілі» кафедрасының пәндеріндегі бағаларыңызға әсер етпейді.

«EF SET Certificate» сертификатын алу үшін тест жүргізіледі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту