Ақпарат:

24 маусым 2025 275

Екі диплом, ғаламдық мүмкіндіктер: CityU бағдарламасына қабылдау басталды

Екі диплом, ғаламдық мүмкіндіктер: CityU бағдарламасына қабылдау басталды

Сіз жаһандық технологиялар саласында мансап бастауға дайынсыз ба? Егер сіздің әрқашан армандағаныңыз осы болса, онда Сәтбаев университеті базасында ашылған жетекші университеттердің бірі – City University of Hong Kong филиалына тікелей баруға жолыңыз ашық.

 Сәтбаев университетінің қос дипломдық бағдарламасына түскен студенттер кәдімгі мемлекеттік грант бойынша оқиды және бірден екі халықаралық диплом алып шығады. Бұл халықаралық компанияларға, ғылыми орталықтарға және жетекші технологиялық корпорацияларға жұмысқа орналасу кезінде бәсекеге төтеп беру үшін маңызды артықшылық болып табылады.

Оқу процесі екі жүйенің синергиясына негізделе құрылған: CityU инновациялары Сәтбаев университетінің салалық байланыстарымен үйлесім табады. Бағдарламалар бірлесіп құрылады: курстар, оқытушылар, әдістер мен бағалаулар халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес екі тараппен бірдей келісіледі. Студенттер бірнеше семестрді Гонконгта өткізеді, сөйтіп зерттеу және стартап жобаларына қатысуға, әрі Азия, АҚШ немесе Еуропа университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Мұнда жай ғана «диплом алуға» емес, халықаралық ғылыми-технологиялық қауымдастықтың бір бөлшегі болғысы келетін білім алушылар келеді. CityU бағдарламасы жаңа деңгейдегі инженер, зерттеуші немесе кәсіпкер атануға мүмкіндік береді – олар икемді, мобильді және әлемнің кез келген жерінде бәсекеге қабілетті маман болып шығады, әрі бірлесіп те жұмыс істей алады.

Оқуға түсу үшін қойылатын талаптар

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту