28 сәуір 2022 4265

Екі Политех өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты одан сайын нығайтуда

Екі Политех өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты одан сайын нығайтуда

Сәтбаев Университеті мен Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті (СПбПУ, Ресей) халықаралық білім беру саласы бойынша бағдарламаны талқылауда. Осы талқылау аясында Сәтбаев Университеті мен Санкт-Петербург политехникалық университетінің өкілдері арасында іскерлік кездесу өтті.

Сәтбаев Университетінің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров пен СПбПУ халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Дмитрий Арсеньев институттар мен департаменттер деңгейінде тақырыптық кездесулер өткізуге, бірлескен тағылымдама бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын және ғылыми жобаларды ұйымдастыру жайлы келісім жасады. Ынтымақтастық қарым-қатынастың ең перспективалы бағыттарының ішінде жасанды интеллект, робототехника, мехатроника, биомедициналық инженерия және энергетиканы тараптар ерекше деп атап өтті.

Сәуір айының соңында СПбПУ өкілдері Сәтбаев Университетінде болып, студенттермен кездесті. СПбПУ Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық департаментінің жетекші менеджері Зарина Асадова СПбПУ бағдарламалары, жобалары және Халықаралық политехникалық жазғы мектеп туралы айтып берді. Бұл тақырып студенттерді қатты қызықтырып, олар көптеген сұрақтар қойды.

Кездесу нәтижелерін қорытындылай келе, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Әбдіхалықов былай деді: «Сәтбаев Университеті Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетінің білім беру, ғылыми-зерттеу және халықаралық қызмет саласындағы тәжірибесін жоғары бағалайды. Біздің университеттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас одан әрі нығая береді деп сенеміз».

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту