Елбасына алғыс хат
Аса құрметті Елбасы, Сәтбаев университеті студенттері Сіздің кезектен тыс жасаған үндеуіңізді зор тебіреніспен тыңдап, толғанысты ойда қалды. Сіздің Қазақстан халқы үшін жасаған зор еңбегіңіз жастардың да жарқын болашағына бағытталған айқын жоба болатын. Оған дәлел – Сіздің биылғы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауыңыз. Сіздің бұл үндеуіңіз Қазақстан халқы үшін тосын құбылыс болды. Біз Сәтбаев университетінің жастары Сіздің бұл шешіміңізді саяси ерлікке бағалаймыз. Және қимастық сезіммен Сізге зор ризашылығымыз бен шексіз алғысымызды білдіреміз. Өйткені, жас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі мен даму жолында, әлемге танылу жолында Сіздің атқарған еңбегіңіз ұшан теңіз. Сізге алдағы уақытта да зор денсаулық, қажыр қайрат тілей отырып, «Нұр Отан» партиясының бірінші басшысы ретінде халқыңызға қалтықсыз қызмет ете береді деп сенеміз.
Зор құрметпен,
Сәтбаев университеті жастары атынан
2 курс студенті, «Жас Отан» жастар қанатының
төрағасы Дінмұхамед Мүсілімов