Еліміздің келешегі туралы диалог: Сәтбаев университетінде Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің кездесуі өтті
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы кездесті.
Іс-шараға Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Шишигина, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Усеинова, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы @saben_online қатысты.
Кездесу барысында университет қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, енгізілетін өзгерістердің ел дамуына қалай әсер ететіні туралы жан-жақты жауаптар алды.
Еске сала кетейік: 15 наурыз 2026 жылы Қазақстанда Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өтеді.



