Ақпарат:

24 қазан 2018 2803

Эразмус+ бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 2018–2019 оқу жылының көктемгі семестрінде 2–3-курс бакалаврлары, 1-курс магистранттары және 2-курс докторанттары үшін Эразмус+ стипендиялық бағдарламасы шеңберінде «Білім алушыларға арналған мобильділік» бағдарламасы бойынша келесі университеттерге конкурс жариялайды:

Университет

Бағдарлама

Мамандықтар

University of Technology (Польша)

 

Бакалавриат –    1 орын

 

 

1. Сәулет және құрылыс

2. Ақпараттық жүйелер

3. Радиотехника, электроника және байланыс

4. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

University of Miskolc (Венгрия)

 

Магистратура – 6 орын

 

 

 

1. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау

2. Мұнай-газ ісі

3. Гидрогеология және инженерлік геология

4.Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері

5. Менеджмент

6. Инновациялық менеджмент

University of Miskolc (Венгрия)

Докторантура – 1 орын

 

Жобаларды басқару

University of Beira Interior (Португалия)

Магистратура – 1 орын

1. Биотехнология

2. Менеджмент

3.Инновациялық менеджмент

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап:

- жақсы үлгерім ( GPA 3.5 және одан жоғары);

- ағылшын тілін жақсы білу керек (B2 және одан жоғары деңгей).

 

Оқу ұзақтығы, кезеңі мен шарттары:

- 1-семестр (ақпан-маусым 2019);

- оқыту тілі: ағылшын;

- ай сайынғы стипендия: 800 еуро (Венгрия, Польша), 850 еуро (Португалия));

- жол жүру шығындары: 820 еуро.

 

Қажетті құжаттар:

- ағылшын тілінде түйіндеме;

- ағылшын тіліндегі байқауға қатысу үшін уәждемелік хат;

- ағылшын және орыс тілдеріндегі транскрипт;

- ағылшын тілі деңгейінің сертификаты (IELTS);

- шетелдік паспорттың көшірмесі;

- келесі (көктемгі) семестрге арналған Жеке оқу жоспары орыс және ағылшын тілдерінде, ОӘК бойынша пәндердің мазмұны орыс және ағылшын тілдерінде;

- үй және ұялы телефон, электрондық пошта;

- жеке куәліктің көшірмесі;

- толтырылған және қол қойылған learning agreement (үлгі бойынша).

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 15 қараша 2018 жыл. Құжаттардың толық пакеті ғана қабылданады. Жоғарыда аталған құжаттардың бірі болмаған жағдайда – өтінім қарастырылмайды. Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (903-каб. НК, сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін) хабарласуға болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту