Ақпарат:

5 қазан 2018 6073

Ғалымдар форумының қорытындысы

Ғалымдар форумының қорытындысы

Ғылыми конференция – ғалымдардың өз салалары бойынша жаңалықтарымен, инновацияларымен, жаңа ойларымен және пікірлерімен бөлісетін өте жақсы платформа болып табылады. Осындай кезекті білім алаңы – 13–14 қыркүйекте өткен «Химиялық және биохимиялық инженерия аумағындағы ғылым мен жоғары білімнің заманауи тренді» атты тақырыптағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір мезгілде өткен конференция жұмысына алыс және жақын шетелдердің ғалымдары мен магистранттары және докторанттары қатысты. Конференция Қазақстан, Ресей, АҚШ, Малайзияның ғылымы мен жоғары мектебі өкілдерінің басын біріктірді.

 Конференцияның негізгі бағыты көмірсутекті шикізатты өңдеу өндірісіне және химиялық пен биохимиялық өндірістің қоршаған ортаға қауіпті әсерін төмендетуге бағытталған ғылыми зерттеулер мен технологиялық талдаулар, сонымен қатар осындай міндеттерді шешуге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.

Жоғары технологиялар – жетістікті даму кепілі, дегенмен қоғамның басқа да салалары секілді, заманауи химия, биохимия, химиялық инженерия дамуында, сондай-ақ инженер мамандар дайындауда біршама қиындықтар бар екені белгілі, оны бірлесе шешу – заман талабы болып отыр.

Конференция қатысушыларын жылы қарсы ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті М. Жұрынов «білімді жас ұрпақ – әр елдің дамуының негізі» екенін атап өтті. Сондықтан педагогтар мен практиктердің жетістіктері және тәжірибелерімен алмасуға жағдай жасау, оқу үрдісіндегі инженерлік шығармашылық пен ғылыми қызметтің интеграциясына, сондай-ақ ғылым жолындағы ұрпақ жалғастығына көмектесу өте маңызды.

Конференция аясында фундаменталды және қолданбалы зерттеулерімен танымал болған, химия саласында өзінің ғылыми мектебін құра білген белгілі ғалым әрі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Е.М. Шайхутдиновті мерейтойымен құттықтау рәсімі өтті. 

«Современные тренды высшего образования и науки в области химической и биохимической инженерии»

«Современные тренды высшего образования и науки в области химической и биохимической инженерии»

«Современные тренды высшего образования и науки в области химической и биохимической инженерии»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту