12 сәуір 2022 4331

Ғалымдарды кәсіби мерекесімен — Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Ғалымдарды кәсіби мерекесімен — Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Қымбатты достар, әріптестер!

Құрметті ғалымдар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан ғылымы халықаралық деңгейге көтеріліп, еліміздің экономикалық әл-ауқаты мәселелерін шешуде басты роль атқара отырып, қарқынды дамып келеді. Бұл процестің негізгі қозғаушы күші – ғалымдар, ғалымдардың шығармашылық әлеуеті!

Бүгінгі мерекенің көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай аталып өтуінің ерекше мәні бар. Өйткені ғалымның өмірі баршамызға ғылым мен білімге адал болудың, халықтың игілігі үшін аянбай еңбек етудің үлгісіне айналды.

Ғылым мерекесі құтты болсын, құрметті әріптестер! Сіздерге мол бақыт, зор денсаулық, шығармашылық табыс, ғылыми жаңалықтар мен үлкен жетістіктер тілеймін! Бастаған әрбір бастамаларыңыз сәтті, болашағыңыз жарқын болсын!

Ізгі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту