Ақпарат:

11 сәуір 2022 4067

"Гелиос" компаниясы Сәтбаев университетіне үздік мамандары үшін алғыс білдірді

"Гелиос" компаниясы Сәтбаев университетіне үздік мамандары үшін алғыс білдірді

Aydana Issataeva
Айдана Исатаева "Гелиос" қызметкерлеріне арналған өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу барысында

Сәтбаев университетінің Сәулет және құрылыс институты "Гелиос" (Helios) автомобильге май құю станциялары желісінің орталық кеңсесінен алғыс хат алды. Компания біздің университет түлектеріне және олардың бірі — қауіпсіздік жөніндегі маман Айдана Исатаеваның жұмысы үшін алғыс білдіреді.

"Гелиос" компаниясының өндірістік объектілері өртке қауіпті кәсіпорындар санатына жатады. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары, әсіресе өртке қарсы қауіпсіздік компания жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Айдана Исатаеваның негізгі жұмысы төтенше жағдайлардың алдын алу, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу. Жұмыс барысында жоғары сауаттылық пен кәсіби тұрғыдан сапалы жұмыс жасағаны үшін компания басшылығының алғыс хатымен марапатталған. Айдана Исатаева 2020 жылы компания басшысының құрмет грамотасымен және еңбектегі адал жұмысы үшін ерекше алғыспен марапатталды.

Қазіргі уақытта Айдана Исатаева «Өндірістегі гигиена және еңбек қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада оқуын жалғастыруда. Бұл бағдарлама Сәтбаев университетінде 2021 жылдан бастап бес жылдық үзілістен кейін қайта ашылды. «Өндірістегі гигиена және еңбек қорғау» білім беру бағдарламасы адам өмірінің сапасын арттыруға бағытталған және Айдана бұл жұмысты өзінің білім алған университетінде сапалы дайындығының арқасында жоғары деңгейде атқарып келеді.

Компания хатында – «Сәтбаев университеті түлектерінің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі — университет ұжымының, осы саладағы профессорлардың жоғары сапалы және жоғары деңгейдегі біліктіліктерінің дәлелі. Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік – бұл Қазақстанның барлық салаларының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы салаға сәйкес кәсіби дипломы бар маманданрды даярлау еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы барлық нормативті-құқықтық, заңды ережелерді сақтау мен жүзеге асырудағы маңызды сұрақ болып табылады» делінген.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту