"Геоақпараттық цифрлық инженериядағы инновациялық технологиялар" конференциясына қатысу үшін құжаттар қабылдау ашылды
2022 жылдың 18 наурызында Сәтбаев университетінде ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі А.Ж. Машановтың 115 жылдығына және ҚазКСР ҒА академигі Ж. С. Ержановтың 100 жылдығына арналған "Геоақпараттық цифрлық инженериядағы инновациялық технологиялар"атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Ұйымдастырушылар: Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының "Маркшейдерлік іс және геодезия" кафедрасы, "Сейсмология институты" және "Академик Ө. А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты".
Конференцияның мақсаты – инвестициялық және инновациялық қызметтің стратегияларын қалыптастыру бойынша отандық және шетелдік тәжірибені жинақтау; республика дамуының басым бағыттарын іске асыру үшін қажетті ресурстық, кадрлық, нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді айқындау; тау-кен металлургия кешенін, геокеңістік технологияларды, сейсмологияны, механиканы және машинатануды дамыту бойынша ұсыныстар қалыптастыру. Конференция аясында геокеңістіктік технологиялар саласындағы көрме-презентация жоспарлануда.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1. Пайдалы қазбалар кен орындарын кешенді игеру, жер қойнауын ұтымды пайдалану және жер қойнауын қорғау, тау-кен металлургия кешенін инновациялық дамыту үшін кадрлар даярлау;
2. А. Машанов – ХХ ғасырдың әл Фарабиі;
3. Табиғи ресурстарды басқару үшін геокеңістіктік деректерді жинау мен өңдеудің серпінді инновациялық технологиялары, өнеркәсіптік және құрылыс объектілерін сүйемелдеу, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін геотехникалық мониторинг жүргізу;
4. Сейсмологиялық ғылымдардың қазіргі жағдайы;
5. Қазақстандағы механика мен машинатану перспективалары.
Конференцияға қатысу үшін ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер, сондай-ақ қарастырылатын мәселелерге қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.
Конференция жұмысына қатысуға ниет білдірушілер 2022 жылдың 28 ақпанына дейін Ұйымдастыру комитетіне ұсынатындары:
– ұсынылған үлгі бойынша конференцияға қатысуға өтінім;
– төменде келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген баяндама(лар) тезистері;
– конференцияның үздік баяндамалары еңбектер жинағында жарияланады.
Өтетін орны - Алматы қ, Сәтбаев к-сі, 22. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті
Өткізу күні мен уақыты – 2022 жылдың 18 наурызы, 900-1800 сағ.
Жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Өткізу форматы: онлайн, офлайн
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті Қазақстан Республикасының жоғары техникалық білімінің флагманы, республиканың кәсіби және ғылыми кадрларының ұстаханасы. Біздің түлектер осы салалардың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.
Сіздер осы жоспарларды іске асыру және Қазақстанның инженерлік кадрларын даярлауға, елдің мәдени және зияткерлік элитасын құруға бар күш-жігерімен білімдерін жұмсаған адамдардың мерейтойларын жоғары деңгейде өткізу үшін қолдан келгенше көмек көрсетесіздер деп үміттенеміз.
Біз сіздерге ҚазҰТЗУ-мен ынтымақтастық үшін шын жүректен алғысымызды айтамыз және болашақта ол тек нығая түсетініне зор сенімдеміз.