Грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды және оқуға грант алған талапкерлердің тізімі белгілі.
Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкерлер құжат тапсырды.
Биыл әлеуметтік осал санаттағы балаларға бөлінген грант саны артты. Сондай-ақ, ауылдан шыққан жастар үшін және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ жастарына квота қарастырылған.
Тізім төмендегі көрсетілген сайттарда:
1. www.egemen.kz
2. www.kazpravda.kz
3. www.testcenter.kz
2022 жылғы грант иегерлерінің тізімі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және Satbayev University-ге қош келдіңіздер!
Келесі қадам – университетке тіркелу. Ол үшін қабылдау комиссиясына хабарласыңыз және құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін университетке әкеліңіз.
15 тамыздан бастап бірінші курс студенттеріне арналған бейінделу апталығы және жатақханадағы орындарды бөлу басталады. Осы уақыт аралығына дейін сіз университетке тіркелуіңіз керек.
Егер сіз құжаттарды өз қалаңызда (өңірде) немесе Алматы қаласының басқа ЖОО-да тапсырсаңыз, оларды алып, 15 тамызға дейін Satbayev University-нің қабылдау комиссиясына тапсыруыңыз қажет.
Егер сіздің көрсетілген күнге дейін пойызбен келу мүмкіндігіңіз болмаса, ұқсас көлікті пайдаланыңыздар, себебі 25 тамыздан кейін құжаттар ұсынылмаған жағдайда, сіздің грантыңыз талап етілмеген ретінде ҚР БҒМ-ге қайтарылады.