Ақпарат:

5 мамыр 2026 158

Грузия делегациясы Сәтбаев университетінің мүмкіндіктеріне жоғары баға берді

Грузия делегациясы Сәтбаев университетінің мүмкіндіктеріне жоғары баға берді

Сәтбаев университетіне Грузияның Білім, ғылым және жастар министрлігінің делегациясы ресми сапармен келді, оларға министрдің орынбасары Байя Квициани жетекшілік етті. Кездесу барысында екі жақ тараптар университеттің ғылыми, академиялық және халықаралық әлеуетімен танысып, грузин елінің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту және ғылым мен білім беру саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту перспективалары туралы талқылады.

Кездесудің негізгі тақырыбы – Сәтбаев университетінің әлемдік ғылыми орталықтармен стратегиялық әріптестік орнату тәжірибесін және әлемнің ТОП-100 университеттерімен қос дипломды білім беру бағдарламаларын интеграциялау тәжірибесін зерделеу болды. Қонақтар сондай-ақ Қазақстанның білім беру жүйесін интернационалдандыру, халықаралық серіктестіктерді кеңейту, шетелдік студенттерді тарту және жаһандық білім беру кеңістігіне ықпалдасудың маңызды құралы ретінде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын дамыту мәселелерін қарастырды.

Кампус-тур бағдарламасы аясында делегация университеттің ғылыми инфрақұрылымын аралап, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және индустриямен өзара іс-әрекет ету тәжірибесімен жан-жақты танысты.

Сапардың ерекше бір бөлігі – Art Lab зертханасын аралау сәті болды. Мұнда қонақтар инженерлік білім беру ісін студенттердің креативті қабілеттерін дамытуымен ұштастыра білудің маңызды екенін атап өтті, әрі студенттік қойылымның куәсі болды. Қойылым шетелдік қонақтарды тәнті етті.

Бұл сапар Сәтбаев университетінің өңірдегі жетекші ғылыми-білім беру орталық екендігін тағы бір мәрте растады. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында тәжірибе алмасу бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, инновацияларды енгізуге ықпал етіп, сапалы білім мен индустриялық инновациялармен қатар Тұрақты даму мақсаттарына да қол жеткізуге өз үлесін қосады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту