25 сәуір 2024 1717

Ғылым мен білімдегі жаңа перспективалар: «Ионосфера институтында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының филиалы ашылуда

Ғылым мен білімдегі жаңа перспективалар: «Ионосфера институтында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының филиалы ашылуда

Бүгін Ионосфера институты өзінің жаңа жетістігі туралы мақтанышпен жариялады – институтта Сәтбаев Университетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының филиалы ашылды. Бұл маңызды қадам институттың жерді қашықтықтан зондтау, ғарыштық геодезия және ГАЖ саласы бойынша білім мен ғылымды дамытуға деген талпынысын көрсетеді.

Ионосфера институтының көрме залында өткен салтанатты іс-шара аясында институт директоры Серік Нұрақынов «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының филиалы институт базасында ашылғанын ресми түрде жариялады. Бұл филиал геодезия, ғарыштық геодезия, картография және басқа да сабақтас пәндер бойынша оқыту және зерттеу жүргізу үшін маңызды орталыққа айналады.

Сәтбаев Университеті кафедрасының филиалы Ионосфера институтымен белсенді түрде ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды, бұл өз кезегінде студенттерге ғарыштық технологиялар саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен технологияларға ертерек қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп аймақтағы білім мен ғылыми зерттеулердің жаңа перспективаларын ашады.

Серік Нұрақынов кафедра филиалының ашылуы Ионосфера институтының ғылыми және білім беру бастамаларын дамытудағы маңызды қадам болатынына және институт қызметін одан әрі кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Ғылым мен білімдегі жаңа перспективалар: «Ионосфера институтында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының филиалы ашылуда

Ғылым мен білімдегі жаңа перспективалар: «Ионосфера институтында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының филиалы ашылуда

Ғылым мен білімдегі жаңа перспективалар: «Ионосфера институтында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының филиалы ашылуда

Ғылым мен білімдегі жаңа перспективалар: «Ионосфера институтында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының филиалы ашылуда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту