Ақпарат:

22 мамыр 2017 10283

Ғылым мен өндірістегі цифрлық технология

Ғылым мен өндірістегі цифрлық технология

19 мамыр күні Халықаралық ақпараттық технология университетінің (ХАТУ) ұйымдастыруымен университет базасында «Ғылым мен өндірістегі цифрлық технология - 2017» атты халықаралық конференция болып өтті.

Халықаралық ақпараттық технология университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор, Дамир Шыныбековтың бастауымен ашылған конференцияда Алматы мен Астана университеттерімен қоса, Англия, Испания, Малайзия, Болгария, Белорусия мен Мәскеуден келген қонақтар баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ атынан сөз алған конференцияның қосалқы төрағасы, т.ғ.д., профессор, Компьютерлік және бағдарламалық инженерия кафедрасының меңгерушісі Ләззат Атымтаева  Университет ректоры атынан ризашылығын білдірді.

Конференцияға қатысушылар мен қонақтарына фойеге қойылған көрме қызықты болды. Көрмеге шетелдік өндіруші компанияларының соңғы үлгідегі құрылғыларымен қатар, ХАТУ зертханасында құрастырылған роботтар мен басқа құрылғылардың түр-түрі қойылды.

Конференция пленарлық мәжіліспен жалғасып, шетелдік қонақтарға университет ішіне экскурсия ұйымдастырылды.  

конференция  конференция

конференция  конференция

Мақаланың толық нұсқасы

Ақпарат көзі: Қоғаммен байланыс департаменті
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту