3 қыркүйек 2020 4717

Ғылым саласында жыл сайын берілетін сыйлықтар конкурсына құжаттар қабылдау басталды

Ғылым саласында жыл сайын берілетін сыйлықтар конкурсына құжаттар қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым саласында 2020 жылғы сыйлықтар мен шәкіртақылар конкурсына құжаттар қабылдауды бастады.

Құжаттар мына сыйлықтар конкурсына қабылданады:

  • Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең үздік ғылыми зерттеу үшін;
  • Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең үздік ғылыми зерттеу үшін;
  • Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық педагогика саласындағы ең үздік ғылыми зерттеу үшін;
  • Күлтегін атындағы сыйлық түркітану саласындағы жетістіктер үшін;
  • Жас ғалымдарға арналған  Д.А. Қонаев атындағы сыйлық жаратылыстану ғылымы саласындағы ең үздік ғылыми зерттеу үшін;
  • Жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы сыйлық  гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең үздік ғылыми зерттеу үшін;
  • Сондай-ақ 75 мемлекеттік ғылыми шәкіртақының бірі үшін.
  •  

Конкурстарға материалдар авторлардан немесе олардың сенімді тұлғаларынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кеңселерінде тұрғылықты жері бойынша хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде қабылданады. ХҚКО мекен-жайлары Мемлекеттік корпорацияның сайтында көрсетілген.

Конкурс туралы толығырақ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту