25 қараша 2021 2387

Ғылыми зертханада жазғы тағылымдамадан өту үшін құжаттар қабылдау басталды

Ғылыми зертханада жазғы тағылымдамадан өту үшін құжаттар қабылдау басталды

Академик Ш.Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры 2022 жылдың жазында әлемнің ғылыми зертханаларында жазғы тағылымдамадан өту үшін бакалавриат, магистратура, интернатура студенттері мен жас ғылыми зерттеушілерге берілетін 10 грант ұтысын анықтау мақсатында өтетін жыл сайынғы конкурсқа құжаттар қабылдау басталғанын хабарлайды!

Конкурсқа қатысу үшін аталмыш қордың сайтында көрсетілген өтінім үлгісін 2021 жылғы 09 желтоқсанға дейін толтыру керек.

Конкурсқа кімдер қатыса алады:

  • ҚР азаматтары;
  • Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жас ғылыми қызметкері;  
  • Ғылыми-жаратылыстану немесе техника саласы бойынша мамандандырылған үміткерлер.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер «Қазақстанда өз мамандығы бойынша ғылымды танымал ету және білім, ғылым немесе өндірісті дамытудың жаңашыл идеялары» тақырыбында эссе дайындауы керек.

Бағдарлама 2022 жылдың жазында әлемнің жетекші ғылыми және тәжірибелік зертханаларында 90 күнге созылатын жазғы тағылымдамадан өту үшін 10 грант ұтысын қарастырады.

Міндетті түрде тапсырылатын құжаттар:

  • Сканерден өткізілген жеке куәлік;
  • «Қазақстанда өз мамандығы бойынша ғылымды танымал ету және білім, ғылым немесе өндірісті дамытудың жаңашыл идеялары» тақырыбында жазылған эссе;
  • Оқу үлгерімі жөніндегі транскрипт (барлық семестрлер бойынша);
  • Бакалавриатты бітіргені туралы диплом барлық пән бағаларымен бірге;
  • Түйіндеме.

Конкурс туралы толығырақ

Онлайн түрде өтінім беру

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту