9 сәуір 2024 1600

«I am the next Satbayev» атты үздік бейнеролик байқауының нәтижелері жарияланды

«I am the next Satbayev» атты үздік бейнеролик байқауының  нәтижелері жарияланды

Академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуын мерекелеу аясында Е.Тұркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының қоғамдық пәндер кафедрасы бакалаврлар мен магистранттар арасында «I am the next Satbayev» үздік бейнеролигіне конкурс өткізді. 2024 жылғы 9 сәуірде жеңімпаздар мен қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Іс-шараның модераторы профессор А.М.Нұржанова хабарлағандай, байқау Satbayev University брендін дәріптеу, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу және өз жоғары оқу орнының тарихына құрметпен қарау мақсатында өткізілді.

Байқау комиссиясының төрайымы, профессор Г.М.Мендікұлова қатысушыларға және қонақтарға құттықтау сөзімен сөз сөйлеп, өткізіліп жатқан іс-шараның өзектілігін атап өтті. Профессор Г.М.Мендікұлова конкурсқа мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде 83 жұмыс түскенін хабарлады. Конкурстық комиссия ұсынылған жұмыстарды зерделеп, келесі студенттерді конкурстың жеңімпаздары деп тану туралы шешім қабылдады:

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Бірінші орын - Бюраева А., Атаханов А., Жамалитденов Д.

Екінші орын - бірінші жұмыс: Д.Әділбекова, екінші жұмыс: Мұстафа А., Үсен Н.

Үшінші орын - бірінші жұмыс: Крестникова А., екінші жұмыс: А. Абдрахманов, үшінші жұмыс: А. Мухтыбаева.

Байқаудың жеңімпазы А.Бураева байқауды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ол мұндай іс-шаралар студенттерге өздерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және техникалық тәсілдерді дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл байқау өз университетінің тарихын зерттеуге ынталандырды. Барлық балалар өздерін мақтанышпен «сатпаевтар» деп атайды!

Марапаттау рәсімінен кейін естелік фотосурет түсірілді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту