20 сәуір 2022 3713

«I am the next Satbayev» бейнероликтер байқауының нәтижелері жарияланды

«I am the next Satbayev»  бейнероликтер байқауының нәтижелері жарияланды

11 сәуірінде Сәтбаев университетінің брендін дәріптеу, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу және өз ЖОО тарихына құрметпен қарау мақсатында а.Машани атындағы Базалық білім беру институтының қоғамдық пәндер кафедрасы бакалавр студенттері арасында «I am the next Satbayev» атты 5- ші үздік бейнеролик байқауын өткізді.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде 62 бейнеролик келіп түсті.

Мұқият іріктеу нәтижесінде конкурстық комиссияның отырысына 14 бейнеролик ұсынылды, оның ішінде мемлекеттік тілде-6, орыс тілінде-8.

Комиссия ұсынылған жұмыстарды зерттеп, келесі студенттерді конкурста жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдады:

  • бірінші орын – Сайфеева Амина және Ни Инесса, жетекшісі – Нуржанова А. М.
  • екінші орын – Адамжанова Адель, жетекшісі – Нуржанова А. М.
  • үшінші орын – Темірбек Нұрасыл, жетекшісі – Абдихапарова Г. А.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту