Ақпарат:

24 қазан 2025 491

III KAZLOGISTICS Спартакиадасында Сәтбаев университетінің командасы бірінші орынды жеңіп алды

III KAZLOGISTICS Спартакиадасында Сәтбаев университетінің командасы бірінші орынды жеңіп алды

20–22 қазан аралығында ALT University базасында көлік және логистика саласы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары арасында III KAZLOGISTICS спартакиадасы өтті. Жарысқа еліміздің оннан астам университеті қатысты.

Сәтбаев университетінің студенттері бұл жарыста жоғары нәтижелер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Жекелеген спорт түрлерінде команда шахматтан – үшінші, үстел теннисінен – бірінші, ал футболдан – екінші орынды жеңіп алды.

Жеке біріншілікте Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының 1-курс студенті Айгерім Айтбаева турнирдің үздік ракеткасы атанса, Тау-кен металлургия институтының 3-курс студенті Достан Серікпай футболдағы ең үздік сұрмерген атанды.

Спартакиада жылы әрі спорттық рухтағы достық атмосферада өтіп, студенттерді, бапкерлер мен оқытушыларды біріктірді. Сәтбаев университетінің командасын алда жаңа бастамалар мен турнирлер күтіп тұр – жігіттер оған қазірдің өзінде белсенді түрде дайындық жүргізуде.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту