Ақпарат:

19 қараша 2024 2745

Индонезиядағы бакалавриат және магистратура студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға құжаттарды қабылдау ашық

Universitas Airlangga 2024-2025 жж. көктемгі семестр кезеңіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бакалавриат және магистратура студенттерін өз қаражаты есебінен қабылдау туралы хабарлайды.

Құжаттар:

  • CV,
  • GPA (кемінде 3),
  • ағылшын және орыс тілдеріндегі транскрипт,
  • ағылшын тілін білу деңгейі IELTS≥5.0 немесе TOFEL≥80 немесе B2-ден кем емес баламалы біліктілік болуы керек (ағылшын тілі кафедрасынан сертификат алуға болады),
  • паспорттың сканерлеу көшірмесі,
  • төлқұжат өлшеміндегі фотосурет (қызыл фон),
  • ұсынушы қол қойған ұсыныс хат (профессордан),
  • мотивациялық хат.

Стипендия саны: 5

Мамандығы:

  • Chemistry
  • Bomedical Engineering
  • Archiving and Digital Information
  • Digital Office Management

Толығырақ

Қаржылық шарттар:

  • Тегін оқыту,
  • Тұрғын үй үшін 5 ай ішінде айына 1000000 Индонейзия рупиясы мөлшерінде стипендия беріледі,
  • Визалық алым, медициналық сақтандыру және екі жаққа ұшу шығындары студенттің қаражаты есебінен төленеді.

Құжаттарды тапсырудың соңғы күні: 2024 жылдың 04 желтоқсаны.

Қосымша ақпарат бойынша +7 727 292 90 19 нөмеріне хабарласып немесе кеңсеге келіп сұрасаңыз болады. Халықаралық ынтымақтастық кеңсесі Мұнай ғимаратының 3 қабатында 302 кабинетте орналасқан.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту