Ақпарат:

27 мамыр 2022 4964

Индустриалдық-консультативтік кеңес жұмысының арқасында Сәтбаев Университетінің Petroleum Engineering бағдарламасы еліміздегі ең үздік бағдарлама атанды

Индустриалдық-консультативтік кеңес жұмысының арқасында Сәтбаев Университетінің Petroleum Engineering бағдарламасы еліміздегі ең үздік бағдарлама атанды

Сәтбаев Университетінде «Мұнай инженериясы» кафедрасының Индустриалдық-консультативтік кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Сәтбаев Университетінің бағдарламаларын жетілдіру бойынша көп жылғы бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды. Осы жұмыстың арқасында университеттің Petroleum Engineering («Мұнай инженериясы») бағдарламасы елдегі ең үздік бағдарлама болып қалып отыр және екінші жыл қатарынан QS пәндік рейтингінің Engineering and Technology («Инженерия және технология») санатында алдыңғы қатарда келеді.

Аталмыш кеңес Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) пилоттық жобасы аясында құрылған, оның мақсаты – Қазақстанның мұнай-газ саласына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Осы бастама аясында Сәтбаев Университетінде бірлескен жоба ашылды, оған үш ірі мұнай компаниясы Chevron, Eni және Shell қатысты. Ал академиялық серіктес ретінде АҚШ-тың ең ірі университеті – (Colorado School of Mines) Колорадо кеніш мектебі тартылды.

Благодаря работе Индустриально-консультативного совета программа Satbayev University Petroleum Engineering стала лучшей в стране

Екі жақ тараптар өнеркәсіп, университет және Үкімет арасындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін, сондай-ақ АҚШ-тың үздік университеттерінің бірінің білім берудегі жетістіктерін басқа елдердің мұнай өнеркәсібіне қажетті үздік мамандарды даярлау үшін барлық күштерін біріктіруде. Сәтбаев Университеті осы жобаға қатысқан жалғыз техникалық университет болды, ал Petroleum Engineering – пилоттық бағдарлама ретінде таңдап алынды. Бұл бағдарлама арқылы жинақталған тәжірибені келешекте тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем пайдалана алады.

Шетелдік әріптестердің, сала өкілдерінің және Қазақстанның тұңғыш техникалық университетінің тығыз ынтымақтастығы арқасында бұл жоба үлкен нәтижелерге қол жеткізді – Petroleum Engineering оқу бағдарламалары қайта қаралып, жетілдірілді, Колорадо тау-кен мектебінің профессорлары мен салалық сарапшылары қонақ дәрістерін өткізді, сондай-ақ студенттер үшін ірі-ірі мұнай компанияларында өндірістік тәжірибелер ұйымдастырылды.

Жаңартылған Petroleum Engineering бағдарламасының сапасы халықаралық деңгейде атап өтілді: 2021 жылы QS пәндік рейтингінде бағдарлама екінші жыл қатарынан Engineering and Technology санаты бойынша алдыңғы қатарда болып, 101–150-орынға ие болды, ал Сәтбаев Университеті QS рейтингінде осы санат бойынша қалған жалғыз қазақстандық университет болды. 

Благодаря работе Индустриально-консультативного совета программа Satbayev University Petroleum Engineering стала лучшей в стране

Өзінің негізгі мақсаттарына қол жеткізумен қатар Индустриалдық-консультативтік кеңес жобасы сонымен қатар ғылыми жобаларды, шақырылған стипендиаттар бағдарламасын, оқытушылар құрамын марапаттауды және студенттік жарыстарды қаржыландыруды қолдайтын қуатты бағдарламаға айналды.

Университеттің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров Кеңес отырысын ашу барысында Кеңес жұмысына сүбелі үлес қосқаны үшін барлық мүшелеріне зор алғыс білдіре отырып, әсіресе американдық серіктестердің еңбегін ерекше атап өтті:

– Сіздерге зор алғыс білдіре отырып, Колорадо тау-кен мектебіндегі әріптесіміз Дженнифер Мискиминс ханымға ерекше алғыс айтқым келеді», – деді ол. — Профессор Мискиминс жобаға мол үлес қосты және Petroleum Engineering оқу бағдарламасын жаңартуға, сондай-ақ Колорадо тау-кен мектебі мен Сәтбаев Университетінің «Мұнай инженериясы» кафедраларының бірлескен ғылыми зерттеулерін ұйымдастыруға ерекше қолдау көрсетті. Сіздерге деген алғысымыз шексіз!

Одан әрі проректор өз сөзінде жасалған жұмыстың маңыздылығын және университеттің «industry-academia» аясындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты жалғастыруға дайын екендігін атап өтті.

Благодаря работе Индустриально-консультативного совета программа Satbayev University Petroleum Engineering стала лучшей в стране

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту