Ақпарат:

7 қазан 2024 1869

Инклюзивтілік іске қосылды: Сәтбаев Университетінде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған аудитория ашылды

Инклюзивтілік іске қосылды: Сәтбаев Университетінде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналып, ұстаз-ғалым, университеттің құрметті профессоры Таңсәуле Серіков атындағы аудитория салтанатты түрде ашылды. Аудиторияны университет ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзімен ашып, аудиторияның ашылуы профессор Серіковтың баршаға қолжетімді және әділ білім беру миссиясының жалғасы екенін атап өтті.

Көп жылғы достықтың құрметіне және аудиторияның ашылуына орай Ғылыми кеңестің шешімімен Таңсәуле Серіковке университеттің құрметті профессоры атағы берілді. Ашылу салтанатына қатысқан профессор өз ризашылығын білдіріп, білім беру саласында инклюзивті жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Инклюзивтілік іске қосылды: Сәтбаев Университетінде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған аудитория ашылды

Таңсәуле Серіков атындағы аудитория – қолжетімді ортаны құруға арналған ең заманауи технологиялармен, атап айтқанда, есту қабілеті нашар оқушыларға арналған дыбыс күшейткіш, жарықты өз дауысымен басқаруға мүмкіндік беретін «ақылды үй» жүйесі және вертикализатормен жабдықталған оқу орны. Жабдықтардың бір бөлігі Сәтбаев Университетінің А.Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институтында жасалды. Институт директоры және жабдықты әзірлеу мен өндіру жөніндегі жоба жетекшісі, профессор Қасым Елемесов салтанатты жиында сөз сөйледі:

– Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 700 мыңнан астам адам тіркелген, – деді ғалым, – оның 90 мыңнан астамы балалар, олар халық санының шамамен 12 пайызын құрайды. Динамика бойынша жоғары сапалы протездік-ортопедиялық бұйымдарға (жоғарғы және төменгі аяқ протездері) және техникалық оңалту құралдарына (мүгедектерге арналған арбалар, жаяу жүргізуге арналған аппараттар, тік жолақтар, көп функциялы орындықтар) мұқтаж адамдар санының өсуі байқалады.

Инклюзивтілік іске қосылды: Сәтбаев Университетінде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған аудитория ашылды

Барлық көмекке мұқтаж балаларға көмектесу үшін, Қазақстанда Сәтбаев Университеті ғалымдарының қатысуымен ортопедиялық бұйымдарды шығаратын орталық ашылады.

Ашылу салтанатында есту қабілеті нашар студенттердің алғашқы қойылымы өтіп, сурдоаудармашының көмегімен олар өз идеялары мен жобаларын ұсынды. О.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының студенті Аружан Қапасованың дипломдық жұмысы аясында жасаған университет қалашығының 3D моделі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Макет Брайль шрифтін қолдану арқылы жасалды, бұл көру қабілеті нашар адамдарға қолжетімді болды.

Сәтбаев Университетіндегі ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған аудитория университеттің инклюзивтілікке деген ұмтылысының символы ғана емес, сонымен қатар әрбір студент қабілетіне қарамастан, өз талантын жүзеге асыра алатын және ғылым мен қоғамның дамуына үлес қоса алатын орынға айналады. Инклюзивті білім беру ортасын құруға бағытталған бұл айтулы оқиға барлық студенттерге физикалық ерекшеліктеріне қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде маңызды қадам болмақ.

Инклюзивтілік іске қосылды: Сәтбаев Университетінде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған аудитория ашылды

Инклюзивтілік іске қосылды: Сәтбаев Университетінде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған аудитория ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту