Итальян ғалымы Андреа Листорти Satbayev University-де күн батареялары туралы дәрістер циклін оқиды

Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасы Бари университетінің химия кафедрасының доценті доктор Андреа Листорти (Andrea Listorti) мырзаның дәрістер цикліне шақырады.
Андреа Листорти — металл-галоидты перовскиттер негізіндегі оптоэлектронды құрылғыларды зерттеумен айналысатын халықаралық деңгейдегі ғалым. Ол 100-ден астам ғылыми мақала жариялаған және Imperial College London, Итальяндық технология институты сияқты жетекші орталықтарда жұмыс істеген.
Дәріс кестесі:
9 маусым 2025 ж. Тақырыбы: Solution Processable Photovoltaics I: Organic Solar Cells and Dye-Sensitized Solar Cells
10 маусым 2025 ж. Тақырыбы: Solution Processable Photovoltaics II: Perovskite Solar Cells
Аудитория: 147 ТКМҒ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты, 1 қабат, 147 аудитория