20 ақпан 2017 8092

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ докторанты «Ең үздік баяндама MDSG-2017» куәлігін иеленді

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ докторанты «Ең үздік баяндама MDSG-2017» куәлігін иеленді

           Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының докторанттары Ақмарал Байсалова мен Мәншүк Коккузова 2016 жылдың 21 қарашасынан 22 желтоқсан аралығында Лондонның Жаратылыстану тарихы мұражайының минералогия бөлімінде шетелдік ғылыми-зерттеулік тағылымдама өтті. Жас ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша дайындаған стендтік баяндамалары Бристоль қаласында (Ұлыбритания) өткен «Пайдалы қазбалар кен орындарын зерттеу тобының MDSG (Mineral Deposits Studies Group)» халықаралық конференциясына ұсынылып, докторант Ақмарал Байсаловаға «Ең үздік баяндама MDSG-2017» куәлігімен қоса, ақшалай сыйақы тапсырылды. 
           Конференция нәтижелері Жаратылыстану тарихы мұражайының «PANGAEA, EarthsciencesDepartment Newsletter – Feb 1th2017» журналында жарияланды (Лондон қаласы, Ұлыбритания.

ГжМГИ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту