Қабылдау комиссиясы магистратура мен докторантураға қабылдау жоспарын бекітті
Сәтбаев университетінің қабылдау комиссиясы магистратура мен докторантураға 2018–2019 оқу жылына грант бойынша қабылдау жоспарын бекітті.
Магистратура мен докторантура оқу бағдарламалары зерттеу жұмыстарына басымдылық жасай отырып, ең таңдаулы, жоғары білікті инженерлік білім береді. Бағдарламалар терең практикалық білім беру базасына негізделіп, шетелдік жоғары оқу орындарында білімін жан-жақты толықтыруға, сөйтіп келешекте тамаша мансапқа жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу үрдісі барысында ғылым мен практика саласындағы белгілі жетекші мамандардың басшылығымен университеттің ғылыми жобаларына қатысу қарастырылған.
Сәтбаев университеті зерттеу жұмыстарына басымдылық жасай отырып, өз түлектерінің кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруға, олардың жеке тұлға ретінде дамып, қалыптасуына база назар аударады. Докторантура оқу бағдарламасының бір ерекшелігі – қос ғылыми жетекшінің болуы. Оның бірі міндетті түрде шетелдік университет өкілі болуы керек.
Ал магистранттар үшін дәріс оқуға жыл сайын шетелдік белгілі профессорлар шақыртылады. Университеттің осындай халықаралық ауқымды байланысының арқасында студенттер шетелдік жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына барып оқуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
Магистратура мен докторантура бағдарламалары арқылы білім алу келешекте еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға да қосымша мүмкіндік береді. Біздің түлектер экономиканың алдыңғы қатарлы салаларына қарасты кәсіпорындарға басшылық қызметке немесе жетекші мамандар ретінде жоғары сұранысқа ие.
ҚР БжҒМ-нің магистратура мен докторантураға арнап бекіткен мемлекеттік грант сандары 2018 жылдың шілде айында белгілі болады.
Сәтбаев университетінің магистратура мен докторантураға
2018–2019 оқу жылына грант бойынша қабылдау жоспары
МАГИСТРАТУРА
ДОКТОРАНТУРА PhD