Ақпарат:

22 қыркүйек 2021 4626

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясында өндірістік практикадан өтуге құжаттар қабылдау ашылды

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясында өндірістік практикадан өтуге құжаттар қабылдау ашылды

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясында 3-4 курс студенттері үшін студенттік практика бағдарламасына құжаттар қабылдау ашылды. Құжаттар 2021 жылдың 22 қазанына дейін қабылданады.

Практикадан өту шарттары:

Практикаға оқудың барлық кезеңінде барлық бағалардың орташа балы «5»-тен «4» немесе «4»-тен «3» төмен емес 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары шақырылады.

Өндірістік практиканың ұзақтығы 1 ай. Студент практикаға оқу жылында бір рет шақырылады.

  1. Практика төленбейді.
  2. Практика кезеңіне тұрғын үй берілмейді.
  3. Ақсайға дейінгі/Ақсайдан жол өтелмейді.
  4. Кен орнында практикадан өтетін студенттерге арналған тамақтану(түскі ас), ЖҚҚ.
  5. Практика кезеңінде жұмыс орнына/ жұмыс орнынан жеткізу КПО көлігімен жүзеге асырылады.
  6. Практикадан өту КПО-да одан әрі жұмысқа орналасуға кепілдік бермейді.

Компанияның, мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті халықтың арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін студенттік практикаға COVID-19 вакцинацияланған студенттер қаралуы мүмкін.

Практикаға шақырылған студенттерде өзімен бірге жеке куәлігі, (086/У) медициналық анықтамасы және вакцинация паспорты болуы керек.

Практикадан өту үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Практикаға үміткерлердің жалпы тізімі.
  2. Студенттің өтініші (ағылшын/орыс тілдерінде толтырылады) 3*4 фотосуретімен.
  3. Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі.
  4. Транскрипт / сынақ кітапшасының көшірмесі.
  5. Студенттің тәжірибе жоспары.
  6. Студенттің вакцинация паспорты.

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг»-те практикаға құжаттарды қабылдау тек оқу орындары арқылы жүзеге асырылады және белгіленген нысан бойынша толтырылған құжаттардың толық және дұрыс рәсімделген жинақтары ғана қаралады. Сырттағы студенттерден, сондай-ақ жеке тұлғалардан құжаттар қабылданбайды. Барлық құжаттар А4 форматында болуы керек.

Барлық сұрақтар бойынша өзіңіздің институт дирекциясына хабарласыңыз

Практика бағдарламасы бойынша анықталған мамандықтардың тізімі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту