9 қазан 2019 4691

Карлов университетінің профессоры Сәтбаев университетінде дәріс оқыды

Карлов университетінің профессоры Сәтбаев университетінде дәріс оқыды

1 қыркүйектен 4 қазанға дейін Чехияның жетекші Карлов университетінің ассистент-профессоры Йозеф Монтаг Сәтбаев университетінде болды. Доктор Монтаг Прагадағы Карлов университеті заң факультетінің экономика департаментінде жұмыс істейді.

Йозеф Монтаг экономика және экономикалық юриспруденция қосымшалары бойынша маман. Energy Policy, Journal of Public Health, Journal of Quantitative Criminology және т.б. халықаралық рейтингтік журналдарда бірқатар жарияланымдары бар. Ол университет студенттері, магистранттары және докторанттары үшін «Introduction to R for Data analysis and visualization» дәрістер курсын оқыды, онда деректерді талдау үшін R бағдарламасының мүмкіндіктерін көрсетті.

Бұл курс әсіресе «Математикалық экономика және мәліметтерді талдау» мамандығы бойынша Жаңа экономика мектебінің студенттеріне пайдалы. Сондай-ақ 3 қазанда Йозеф Монтаг ғалымдар үшін «Air pollution, avoidance behavior, and newborns' health» атты ғылыми семинар өткізді, онда ластаушы бөлшектердің балалардың денсаулығына әсері, сонымен қатар қауіптер туралы ақпараттандырудың адамның мінез-құлқына әсері жөнінде айтты.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту