Ақпарат:

19 қыркүйек 2018 5968

Касперский зертханасының ақпараттық қауіпсіздік туралы жобаларының байқауы

Касперский зертханасының ақпараттық қауіпсіздік туралы жобаларының байқауы

«Касперский зертханасы» ақпараттық қауіпсіздік саласымен айналысқысы келетін студенттер арасында SECUR'IT CUP' 18 байқауын өткізе бастады. Байқау нақты өмірде адамдарды технологиялық сингулярлық қауіптіліктен сақтандыру туралы жобаларды қамтиды.

SECUR'IT CUP'18 байқауы – қазіргі жылдам өзгермелі дүниеде кез келген жағдайға тез бейімделіп, жаңа технологиялар тарапынан төнген киберқауіпсіздік мәселелерін тез арада шеше білу жөніндегі жарыс. Ол туралы Евгений Касперский былай дейді: «Киберқауіпсіздік қазіргі заманда өте маңызды, ал ақпараттық технологиялардың жылдам даму үдерісі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берген кезде, мұның маңыздылығы одан сайын арта түседі.

Кез келген технологиялық үрдісті ұйымдастыру кезінде киберқауіпсіздікті барлық жағынан да есепке алу керек – адамдардың қауіпсіздігін қорғап, оларды естен адасудан сақтандыру керек. Өйткені зиянкестер бір жерде тұрмай, барлық жаңадан қосылған құрылғыларға тарайды ғой. Қазірдің өзінде бұл салада мамандар жетіспейді, сондықтан да мен студенттер мен оқушыларды осы маңызды салаға көңіл аударуға шақырамын».

Байқау жұмыстарын қабылдау 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқауға қатысу тегін, ал оның ең басты сыйлық көлемі – $10 000. Кем дегенде үш адамнан құралған командалық жұмыстар мына бағыттардың бірі бойынша қабылданады:

1. Іске қосылған медицина: Арнайы ақылды медициналық құралдармен жұмыс жасайтын адамдарды қалай қорғауға болатын жолдарды келтір. Медициналық құрал-жабдықтарға арналған қауіпсіздік шараларын, олардың құрылысын жобалаудың жаңа стандарттарын, медициналық мәліметтерді таратудың қауіпсіз   жолдарын ойлап тап.

2. Заттар интернеті: Іске қосылған құрылғылардың – тұрмыстық құралдарды басқарудан бастап, инфрақұрылым элементтеріне дейінгі қауіпсіздікті қалайша сақтауға болатынын ойлап тап, мысалы, электр станциялардағы бақылаушылардың қауіпсіздігін сақтау жолдары.  

3. Жеке қауіпсіздік: Кез келген жүйедегі және одан тыс жерлердегі жеке мәліметтерді ұрлықтан немесе қылмыстық мақсатта қолданудан қорғау әдістерін ойлап тап. Мысалы, аккаунт немесе кибербуллинг ұрлап әкету.

Толығырақ  Secur’IT Cup' 18 туралы

«Касперский зертханасы» – 1997 жылдан бері ақпарат қауіпсіздік саласында қызмет етіп келе жатқан халықаралық компания. «Касперский зертханасы» технологиялары 400 миллионнан астам қолданушылар мен 270 мың корпоративтік клиенттердің қауіпсіздігін қорғайды. Зертхананың кеңінен қолданылатын құжаттары құрамына соңғы құрылғыларды қорғау өнімдері, сондай-ақ үнемі төніп тұратын киберқауіптілікпен күресуге арналған арнайы шешімдер мен сервис түрлері жатады. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту