1 маусым 2020 5758

Қасым Елемесов Сәтбаев университеті Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының директоры болып тағайындалды

Қасым Елемесов Сәтбаев университеті Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының директоры болып тағайындалды
professor Yelemessov Kassym

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Елемесов Қасым Көптілеуұлы бұйрық бойынша 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының директоры болып тағайындалды.

Елемесов Қасым Көптілеуұлы - технологиялық машиналар және жабдықтар мәселелерімен айналысып жүрген ғалым, педагогикалық қызметте жиырма жылдық тәжірибесі бар оқытушы. «Тау-кен ісінің үздігі» құрметті белгісімен және ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Ол төрт оқу құралының, үш инновациялық патенттің, Thomson Reuter, Scopus мәліметтер базасына енетін импакт-факторы бар бес басылымның авторы. ҒЗЖ ғылыми тақырыбының жетекшісі және гранттық қаржыландыру бойынша бірқатар инновациялық жобалардың жетекші ғылыми зерттеушісі.

«Пайдалану және сервистік инженерия» бағдарламасының, сондай-ақ  студенттерді кәсіби аккредитациялау тұжырымдамасының авторы. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының Тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының салалық қауымдастығымен бірлесе отырып іске қосылған. Қасым Елемесов – Өнеркәсіптік консультативтік комитеттің ұйымдастырушысы және төрағасы. «Республикалық тау-кен өндіру  және тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінде кәсіби стандарттар бойынша сарапшы.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту