Ақпарат:

25 қазан 2019 8616

Қазақ тілінде 48 оқулық онлайн түрде қолжетімді

Қазақ тілінде 48 оқулық онлайн түрде қолжетімді

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты жоба аясында әлемдік оқулықтарды қазақ тілінде онлайн түрде оқуға мүмкіндік туды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының студенттері үшін философия, социология, психология, дипломатия, лингвистика, семиотика, педагогика, интернет психологиясы, дінтану, мәдениеттану, антропология, журналистика, экономика, менеджмент, маркетинг, бизнес және халықаралық құқық пәндеріне арналған 48 оқулық қолжетімді болып отыр.

Сәтбаев университеті осы пәндерді оқитын барлық студенттер мен магистранттарға 100kitap.kz сайтында орналасқан оқулықтарды қолдануды ұсынады. Бұл оқулықтардың электрондық нұсқалары сонымен қатар Қазақстан ашық университетінің openU.kz платформасына да жүктелген.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты жоба «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл – әлемдік білім беретін 100 бестселлерді қазақ тіліне аудару жөніндегі жоба. Осы мақсатта елдегі бұрыннан белгілі аударма құрылымдарының негізінде коммерциялық емес, мемлекеттік емес қоғамдық ұйым – «Ұлттық аударма бюросы» (Национальное бюро переводов) құрылып, 2017 жылы ол өз жұмысын бастады.

Жоба студенттер мен жұмысшы қауым арасында әлемдік ғылыми әдебиеттерді қазақ тілінде оқитын оқырмандар санын арттыруға бағытталған. Екі жылдың ішінде 48 басылым ағылшын тілінен аударылды. Кітаптардың барлығы да заманауи контентке ие – яғни оқырмандар арасында жоғары сұранысқа ие болып, бүкіл әлемге танылған кітаптар. Бұл жобаға 300-ден астам қазақстандық мамандар қатысып отыр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту