Ақпарат:

29 тамыз 2023 2537

Kazakhmys Progress компаниясы бірегей маркалық селен өндірісін іске қосуы – Қазақстан ғылымы тарихындағы жаңа бастама

Kazakhmys Progress компаниясы бірегей маркалық селен өндірісін іске қосуы – Қазақстан ғылымы тарихындағы жаңа бастама

Балқашта «Kazakhmys Progress (Қазақмыс Прогресс)» компаниясының шикі селен өндіретін бірегей цехы ашылды. Аталмыш оқиға – қазақ ғылымы үшін тамаша жаңалық, бұл күні ғалымдар өндіріс орындарының отандық ғылым мен ғылыми әзірлемелерге деген сенімін тойлайды. Бұл оқиға еліміздегі инновациялық өндіріс тарихының жаңа бастамасы болып саналады.

Бұл компания – өте жоғары сапада тазартылған селен алуға, сондай-ақ ішкі нарықтың ғана емес, шетелдіктердің де қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін технологияны қолданатын әлемдегі ең бірінші және жалғыз өндіріс орны.

Селен – әлемдік металл нарығының барлығында жоғары сұранысқа ие, сирек кездесетін материал, оны өндіру өте қиын, ал тазартуы одан да қиын. Аталмыш технологияның ерекшелігі сол – ол бір кезеңде құрамында 99,5%-дан астам негізгі компоненті бар таза селенді арзан, реагентсіз тәсілмен алуға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз – Қазақстанда өндірілетін таза селеннің құны осыған ұқсас шетелдік өнімдердің құнынан айтарлықтай төмен болады дегенді білдіреді.

Жоғары маркалы селен алудың жаңа, бірегей әдісін Сәтбаев Университеті Металлургия және байыту институтының ғалымдары әзірледі, жобаға сонымен қатар ресейлік ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы Сергей Нехамин қатысты. Қайтадан өңделген шикізат алудың жылдық көлемі – 75 тонна шикі селен болады деп жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде металдың бірінші партиясы алынды.

Kazakhmys Progress компаниясы бірегей маркалық селен өндірісін іске қосуы – Қазақстан ғылымы тарихындағы жаңа бастама

Осы жетістікке жетуге мүмкіндік берген ғылыми әзірлемелер 2007 жылы басталған болатын, алғашқы нәтижелер Қазақстан Республикасы Ғылым комитетінің гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы аясында алынды, ал сынақтар көптеген жылдар бойы жүргізілген ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерден кейін Металлургия және байыту институтының базасында өтті. Ғылыми нәтижелерді талқылап, барлық өзгешеліктерді зерделей келе, Қарағанды ​​облысының жергілікті атқарушы органы мен Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясы басшылығының белсенді қолдауының арқасында «Kazakhmys Progress» (Қазақмыс Прогресс) кәсіпорнының өндірістік алаңдарында алғашқы тәжірибе жасалды. Технология өзінің тиімділігін дәлелдеді және көптеген материалдар түрлерінде сынақтан өтті, бұл оны қысқа мерзім ішінде өндірістік қолданысқа енгізуге мүмкіндік берді.

– Жаңа өндіріс орны – әлемдік деңгейдегі технологиялық жаңалықтарды енгізуге мүмкіндік беретін заманауи өндіріс орны болып табылады. Бұл жоба тәуелсіз екі технологияны қамтиды – шикі селенді вакуумды-термиялық тазарту, бұл әдіс Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет енгізіліп отыр, ал екінші технология – құнды металдар цехының қалдықтарын электр балқыту әдісімен өңдеу арқылы қалпына келтіру, – деді «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев.

Kazakhmys Progress компаниясы бірегей маркалық селен өндірісін іске қосуы – Қазақстан ғылымы тарихындағы жаңа бастама

Осылайша, селенді вакуумды-дистилляциялық технология арқылы өндіру оны тек дәстүрлі шикізаттан ғана емес, сонымен қатар техногендік қалдықтарды пайдалана отырып, өндіріс тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға оң әсер етуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тұтас аймақ пен бүкіл ел үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

«Kazakhmys Progress» – металлургия саласы бойынша инновациялық технологияларды әзірлеумен және оны өндіріске енгізумен айналысатын қазақстандық компания. Компания еліміздің және әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен белсенді түрде ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды, сөйтіп өндірістің тиімділігі мен экологиялық тазалығын арттыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әзірлемелерді жүзеге асырады.

Компания қызметінің тағы бір түрі – селен секілді жоғары сұранысқа ие сирек материалдарды өндіру. Бұл металл әйнек өнеркәсібінде әйнекті бояу үшін, радиоэлектроника өнеркәсібінде жартылай өткізгіштерді өндіру үшін, болат өндіруде, күн энергетикасында күн батареяларын өндіруде, сондай-ақ медицинада жиі қолданылады.

Жаңа және заманауи өндіріс орнының ашылуы ғылым мен өндірістің интеграциясын кеңінен сипаттайды, әрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан басымдықтарға толық сәйкес келеді, сонымен қатар заманауи жоғары технологиялық өндірістерді кеңейтуге, технологиялық құрылымдардың бесінші және алтыншы деңгейіне көтерілуге және ұлттық экономиканы жаңғырту процесінде алдыңғы қатарда болуға мүмкіндік береді.

Kazakhmys Progress компаниясы бірегей маркалық селен өндірісін іске қосуы – Қазақстан ғылымы тарихындағы жаңа бастама

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту