«Қазақстан халқына» қоры 2022–2023 оқу жылында бакалавриат студенттеріне арналған грант конкурсына құжат қабылдау басталғанын хабарлайды
Құрметті талапкерлер мен жоғары оқу орындарының студенттері!
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мемлекеттік грант ала алмай қалған талапкерлер мен бакалавриат бағдарламасы бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге білім беру гранттары мен шәкіртақылар тағайындау үшін конкурс жариялайды.
Гранттар ауылдық мектепті бітірген түлектер мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы студенттеріне арналған:
- ауылдық жерлердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелеріне;
- жетім балалар және кәмелеттік жасқа толғанша ата-анасынан айырылып қалған балаларға;
- мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар жандарға.
Талапкерлерге арналған грантқа өтінім беру:
Бұл грантқа үміткерлер өздері оқығысы келетін ЖОО-ның қабылдау комиссиясындағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 10 тамыздан – 17 тамызға дейін өтінім береді.
2–4-курс студенттері грантқа өтініш беру үшін:
Үміткерлер «Қазақстан халқына» қорының грантына «Taiburyl» сайтына 1 тамыздар 15 тамызға дейін өтінім береді.
Өте маңызды: грантқа үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы процесс үшін жауап береді, сондықтан оқуға түскені және грант туралы ақпаратты таңдап алған университеттің қабылдау комиссиясынан алдын ала нақтылап алуы керек. Грант алушылар қабылдаушы университеттің академиялық талаптарын ұстануы тиіс және бағдарлама бойынша толық оқу курсынан өтуге міндетті. Егер де бұл шарт орындалмаса, қаржылық қолдау көрсету тоқтатылуы мүмкін.
Конкурс 2022–2023 оқу жылынан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында өткізілуде.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қорының сайтынан алуға болады.