Ақпарат:

30 сәуір 2025 401

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы – 2025!

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы – 2025!

Қымбатты студенттер, оқытушылар! Құрметті әріптестер!

Сіздерді 1 Мамыр мерекесімен – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні біз бірлігіміз бен өзара түсіністігіміздің, жасампаздық пен еңбекке деген құрметтің құдіретті күшін тойлаймыз. Өйткені дәл сондай бірлікте, ортақ шығармашылық істерде ғана ұлы идеялар туады, лайықты болашақ құрылады, әрі еліміздің өркендеуі үшін мықты негіз қаланады.

Сәтбаев университеті ғылым мен білім игілігі жолындағы адал еңбек үшін ұрпақтарды біріктіріп, туған еліміздің гүлденуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін даңқты орынға айналды және солай болып қала береді. Біздің академиялық отбасымыз әртүрлі мәдениет өкілдерінен тұратыны – біз үшін үлкен мақтаныш, ал бәріміздің мақсатымыз бір – білім мен ғылым арқылы, тұрақтылық пен технологиялар арқылы әлемді жақсарту.

Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен бақыт, жаңа шабыт пен табыс тілеймін! Әр күндеріңіз мәнді де сәнді болып, істеген істеріңіз қуаныш пен жақсылық әкелсін. Біз мықты әрі сенімді болашақты бірге құрамыз!

Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің ректоры
Мейрам Бегентаев 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту